Таспа

Қостанай облысында өзіне қол салатындар көбейген

Өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда өңірде суицидтік оқиғалар 27 пайызға азайған, яғни 149 өзіне қол жұмсамақ әрекет, 83 өліммен аяқталған суицид тіркелген деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов Рудный қаласында өткен жылы 13 өзіне қол жұмсау оқиғасы болғанын, бірақ алдыңғы уақыттармен салыстырғанда екі есе азайғанын айтты. Бұл — жастармен жүргізілген жақсы жұмыстың нәтижесі. Қай ...

Толығырақ »

Астана процесінің табысты болуына мүдделі

Бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесті. Бұл туралы аталған ведомствоға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Кездесудің басты тақырыбы — Астанада өтетін Сирия Араб Республикасының үкіметі мен сириялық қарулы оппозиция арасындағы ахуалды реттеу жөніндегі халықаралық кездесу болды. Де Мистура БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштың атынан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сириялық келіссөздер ...

Толығырақ »

Димаш Құдайберген Қытайдағы I Am a Singer конкурсының бірінші кезеңінен өтті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы I Am a Singer музыкалық конкурсына қатысып, телешоудың бірінші конкурс күнінің жеңімпазы болды. Айта кетейік, конкурста 14 кезең бар. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әншінің досы әрі менеджері Алмапыс Шаримов хабарлады. 22 жастағы әнші SOS d’un terrien en détresse әнін француз тілінде орындады. Димаш қатысушылардың ішінде ең жасы. Оны конкурсқа ұйымдастырушылар шақырыпты. А.Шаримовтың айтуынша, Д.Құдайберген жайлы ...

Толығырақ »

Желілер мен байланыс құралдарының қызметі қандай жағдайда тоқтатылады?

ҰҚК байланыс желілері мен Интернетке қол жеткізуді тоқтатуға қатысты түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Байланыс туралы» Заңның 41-1 бабы, келесі мазмұндағы 1-2 тармағымен толықтырылды: «Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және ...

Толығырақ »

Қазақстанның төрт аймағында жол жабылды

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті қолайсыз ауа райына байланысты жолдардың жабылғанын хабарлады. Ақмола облысында 21 қаңтар күні сағат 09:40-та ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург — Алматы» 917-1006 км ( п. Жақсы — Атбасар), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82); «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» (232-260 км); «Жезқазған — Петропавловск» (377-595 км) «Екатеринбург-Алматы» (917-856 км); «Астана-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 км) жолдарында козғалыс барлық автокөлік түрлері үшін жабық. ...

Толығырақ »

Келіссөз қатысушыларының тізімі жарияланды

Сыртқы істер министрлігі Сириядағы жағдайға байланысты халықаралық келіссөздерге қатысатын тараптардың тізімін жариялады деп хабарлады egemen.kz. Ведомство сайтындағы мәліметке сәйкес, келіссөздерге қатысатынын нақтылаған тараптар: Сирия Араб Республикасы үкіметінің өкілдері; Сирия оппозициясының өкілдері; Ресей Федерациясының өкілдері; Түркия Республикасының өкілдері; Иран Ислам Республикасының өкілдері; АҚШ өкілдері; БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы елшісі. Айта кетейік, Сирия бойынша келіссөздер жабық режимде өтеді. «Қазақстан астанасы ...

Толығырақ »

Қытай архивінен қазақ хандарының хаттары табылды

Жұңго бірінші тарихи мұрағатында (КХР) қазаққа қатысты 3 мың құжат сақталғаны белгілі болды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады. Басылымның мәліметінше, қазақ елінің тарихын тереңдете зерттеуге шет елдерде жүрген ғалымдар зор үлес қосып жатыр. Солардың бірі — Бейжің қаласындағы Орталық ұлттар университеті қазақ филологиясы факультетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы. Ғалымның айтуынша, мұрағаттағы қазаққа қатысты құжаттар 3 ...

Толығырақ »

ХҚКО қызметкерлері базарлар мен оқу орындарын аралайды

Бүгіннен бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары Электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарға уақытша тіркеу қызметін көрсету үшін оқу орындарын, базарларды және сауда орталықтарын аралайтын болады.  Бұл азаматтарға қолайлы болу үшін істеліп отыр деп хабарлайды BNews.kz. «Уақытша тіркеліп үлгермеген азаматтарға қолайлы болу үшін ХҚКО-лардың мобильдік топтары ЖОО-ларда және сауда үйлерінде қызмет көрсететін болады. Олар барлық азаматқа электрондық цифрлық қолтаңба жазып, ...

Толығырақ »

Бас прокуратура ақылға сыймайтын тексерістерді жариялады

Бас прокуратура мен «Атамекен» ұлттық палатасы кәсіпкерлерге қатысты ақылға сыймайтын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды азайтуға кірісті деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ондай талаптар көп. Көбісі ескірген, тіпті, ешқандай логикаға сай келмейді. Мәселен, қоғамдық тамақтану орындарына қатысты талаптарға сәйкес, қара нан және ақ нан бөлек сақталуы қажет. Ал астыңғы және үстіңгі сөрелердің арақашықтығы кем дегенде 35 сантиметр болуы шарт. Сол сияқты тұрғын үйлерде орналасқан ...

Толығырақ »

Қостанайлық отбасы Орынборда жоғалған қызын 83 жыл бойы іздеуде

Үш жасар Ағияшты 1933 жылы ата-анасы Орынбордағы балалар үйіне қалдыруға мәжбүр болған. Түйме мен Мақсұм Қасеновтер қызын іздеп келгенде интернаттың тарағанын және барлық баланы алып кеткендігінен хабардар болады. Содан бері бұл отбасы үмітін үзбей, Ағияш Қасенованы іздеуде деп хабарлады inform.kz «Оренбуржье» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Өткен ғасырдың 30-жылдары осындай оқиғалар өте көп болған, сондықтан әр отбасының бастан кешірген оқиғаларының астында ...

Толығырақ »