Таспа

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»: Қостанайда дәстүрлі ән кеші өтіп жатыр

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты дәстүрлі ән кеші өтіп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Кешке өңірге белгілі жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер қатысып жатыр. Кешті белгілі жыршы, журналист Қыдырбек Қиысхан жүргізіп отыр. Кешке келген көрермен Тобыл-Торғай өңірінен шыққан ақын-жыршылардың әндеріне қанық болып жатыр. Тәтіқара, Өске жыраулар, Асаубай, Досбол шешендер, Нұржан, Қанапия, Ақсұлу, Ахмет, Сейітжан, Нұрхан, Ахметқан, Мұхамеджан, ...

Толығырақ »

Қазақстанның биылғы табысы Apple табысынан 10 есе аз

Әлеммен алыс-берістің артуына жеке министрліктің құрылуы да серпін бере алмады деп жазады inbusiness.kz. Бүгінде бір тосын көрініс қалыптасуда: ресми көрсеткіштерге үңілсек, Қазақстан дәл бір жан-жағынан қыспаққа қалып, экономикалық блокадаға түсіп, санкциялар соққысынан бас көтере алмай жатқандай сезім туады. Өйткені біраз уақыттан бері республиканың дүниежүзі елдерімен сауда-саттығы құлдырап бара жатыр. Биыл бұл көрсеткіш, әсіресе, экспортымыз рекордтық деңгейде құлдырады. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы ...

Толығырақ »

Қостанайлық келіншек құрбысының көңілдесін пышақтап өлтірді

Қостанай облысында екі күнге созылған отырыс кісі өлімімен аяқталды. Жантүршігерлік оқиға Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Басылым мәліметінше, Қостанай қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне пәтерде ер адамның қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы тұрмыстық жанжал кезінде болған кісі өлімі екенін анықтады. Тергеу барысында жедел уәкілдер оқиғаның мән-жайын толықтай ашқан. Ауыл тұрғыны, яғни көлік жөндеу стансасының ...

Толығырақ »

Балаева қостанайлық БАҚ өкілдерімен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облыстық радио және телевизия дирекциясының 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министр өз сөзінде бұл іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқандығын және оның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Балаева Қостанай облыстық радио және телевизия дирекциясының ардагерлері мен ...

Толығырақ »

Арқалықта жасөспірім екі қызға оқ жаудырған

Арқалықта пневматикалық мылтықтан екі қыз жарақат алды. Полицейлер оқ атқан күдіктіні анықтады, ол 15 жастағы жасөспірім болып шықты, — деп хабарлады tobyl-torgai.kz. WhatsApp желісінде оқиғаны баяндаған әйелдің дауысы тарап жатыр. Alau.kz мәліметіне сүйенсек, оқиға 3 сәуірде болған. 17 және 25 жастағы тұрғын білек және жамбас тұсындағы жарақатпен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Тергеу барысында қыздардың Маясов көшесінде жарақаттанғаны анықталған. Зардап шеккендер ...

Толығырақ »

Рудныйда Тәуелсіздік аллеясына 25 түп шырша отырғызылды

Жуырда Рудный қаласындағы «Достық» саябағында Тәуелсіздік аллеясына 25 жас шырша отырғызылды. Бұл туралы қала әкімі Қуандық Іспергеновтің Instagram-дағы парақшасына жазды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Саябақта шырша ағашының пайда болуы оны рудныйлықтар үшін бұдан да жайлы, тартымды етіп отыр. Бұдан басқа, шырша ауаға жақсы әсер етіп, қоршаған ортаның жақсаруына септігін тигізеді», — деп атап өтті қала әкімі. Аллеяның Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ...

Толығырақ »

Жұмабек Кенжалин оқулары аясында халықаралық конференция өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы 30 сәуір күні Ж.Кенжалин атындағы аудиторияда Қазақстанда ақпараттық менеджмент теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаған белгілі ғалым, талантты БАҚ ұйымдастырушысы, жазушы-публицист, саясат ғылымдарының кандидаты, ұлағатты ұстаз Жұмабек Омарұлы Кенжалинді еске алуға арналған І Кенжалин оқулары аясында дәстүрлі «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: БАҚ менеджменті мен маркетингі және PR» ...

Толығырақ »

Мазуттан «мезі болған» Арқалық көмір жағатын болды

Арқалықта ЖЭО биыл мазут жағуды қойып, көмірге ауысады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінде өткен селекторлық кеңесте Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаров мәлімдеген, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Биыл «Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін 2030 жылға дейін қайта құру» нысанын пайдалануға беру жоспарланған және Арқалық ЖЭО көмірмен жұмыс істей бастайды. Бұл мақсатқа құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға республикалық бюджеттен ...

Толығырақ »

Рудныйда зейнеткердің басын кесіп алған тұрғын ұсталды

Қостанай облысында ер адамның басын кесіп тастаған жігіт сотталды деп хабарлады tobyl-torgai.kz, zakon.kz сайтына сілтеме жасап.  Бұған дейін бұл қылмыстың 2020 жылдың 3 желтоқсанына қараған түні болғандығы хабарланған. Рудныйдың екі тұрғыны бірге ішімдік ішкен. Олардың арасында өзара жанжал болып, салдарынан 31 жастағы ер адам 68 жастағы зейнеткердің мойнына пышақ сұғып алады. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал күдікті мәйіттің басын кесіп алып, оқиға орнынан ...

Толығырақ »

Елордада «Тобыл-Торғай әуені» антологиясының тұсаукесер рәсімі өтеді

Іс-шара 8 сәуір күні, яғни ертең сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы жарыққа шығарған «Тобыл-Торғай әуені» музыка антологиясы — Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бірнеше жыл бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде қолға алынған жұмыстардың бірі. Өз мақаласында Елбасы қазақ әдебиетінің ата қоры, асыл ...

Толығырақ »