Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған ірі өртке қатысы бар деп айыпталған «Басаман» орман шаруашылығының директоры сот залынан босатылды, деп «Қостанай жаңалықтары» басылымы. Еске салайық, айыптау актісіне сәйкес, 2020 жыл — 2022 жылдың қыркүйегі аралығында орман шаруашылығының бұрынғы директоры Асхат Жақашев лауазымын пайдаланып, жекеменшік иелеріне өрт тұтану қаупі жоғары кезеңде ағаштарды рұқсат құжаттарсыз кесуге мүмкіндік берген. Сол үшін 15 млн теңге көлемінде сыйақы ...
Толығырақ »Таспа
Сенаторлар Қостанай облысын дамыту мәселелерін талқылады
Сенат депутаттары Сергей Карплюк пен Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аграрлық сектор мен ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі түйткілдер талқыланды, деп хабарлайды Aikyn.kz. Сенаторлар облыс әкімімен және өңірдің мәслихат депутаттарымен бірге бірқатар кездесу өткізіп, азаматтардан келіп түскен маңызды мәселелерге назар аударды. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыру, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелерін тілге тиек ...
Толығырақ »Қостанайда түнгі клубта қыздар жалаңаш билеген
Қостанай қаласындағы түнгі клубта болған сұмдық жайттың видеосы тарады. Желіде тараған видеода қыздар жұрттың көзінше тыр жалаңаш шешініп тастаған, деп хабарлады Azattyq Ruhy. Видеода түнгі клубтағы жас қыздардың тыр жалаңаш шешініп билеп жүргендерін көруге болады. Оқиғаға куә болғандардың барлығы смартфондарына түсіріп алған. Полиция департаменті хабарлағандай, видеоға қатысты барлық адам анықталған. Бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін полицияға 6 адам шақырылған. Оның ішінде ...
Толығырақ »Астана-Жітіқара пойызы іске қосылады
Биылғы 3 қыркүйектен бастап Астанадан Жітіқара қаласына пойыз қатынайтын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ақпаратты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратты. 3 қыркүйектен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Жітіқара» жаңа теміржол жолаушылар қатынасын іске қосады, — делінген хабарламада. «Астана – Жітіқара» бағытындағы вагондар 104 орынға есептелген. Пойыз күнара қатынайтын болады. «Нұрлы жол» вокзалынан тақ күндері сағат 19:40-та жөнелтіліп, ...
Толығырақ »Қостанайлық әйел қала әкімінен 14 млн теңгедей қаражат өндіріп алды
Қостанайда 14 млн теңгеге жуық ақша төлеуге міндеттелген әйел қала әкімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімін сотқа беріп, тиісті қаражатты өндіріп алған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қостанай облыстық сотының ресми сайтына сілтеме жасап. Бұл ретте Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына азамат Ш. Қостанай қаласының әкіміне, «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не төтенше жағдай салдарынан бұзылған тұрғын ...
Толығырақ »Тек қағаз жүзінде пайдалануға берілген: Арқалық ЖЭО-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Арқалық ЖЭО-ның қағаз жүзінде ғана пайдалануға берілу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы қоғам қайраткері Дидар Смағұлов мәлімдеді. Маусым айында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Мәжілісте ЖЭО-ны қайта құруға жұмсалған 7.4 млрд теңге тиімсіз игерілгенін айтқан еді. Бірақ біз бұл туралы 2022 жылдың тамызынан бері Антикорға алғашқы үндеу жазылған кезден бастап дабыл қағып келеміз. Біз әкімдіктің ...
Толығырақ »Қостанайда астық қоймасына найзағай түсті
Қостанайдағы астық қоймасын найзағай жарып жіберді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы 1 тамызда сағат 21.50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлады. Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген. Бұл жағдай авария ретінде тіркелді, — деп мәлім етті ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ...
Толығырақ »Қостанай облысында жол апатынан бір көлікте отырған төрт адам қаза болды
Қостанай облысында екі бала мен екі ересек адам жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 30 шілдеде «Қостанай-Введенка» тасжолының 77-шақырымында «Мерседес» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 жүргізушісі мен үш жолаушысы, екеуі кәмелетке толмаған, ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, ...
Толығырақ »Жітіқара ауданында жылқы бағып жүрген ер адамға найзағай түскен
Қостанай облысында 27 жастағы ер адамға найзағай түсіп, мерт болды. Қайғылы оқиға Жітіқара ауданы Чайковский ауылында тіркелді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам жылқы бағып жүрген. 19 шілдеде марқұм мал жайып жүріп туыстарымен байланысы үзілген. Келесі күні елді мекеннен 5 шақырым жерде жазық далада оның денесі табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың ізі ...
Толығырақ »Қостанай облысында 7 жастағы қыз жоғалып кетті
Қостанай облысында 7 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Алау» порталына сілтеме жасап. Баланың жоғалғаны туралы ақпаратты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі растады. Қарабалық ауылында 7 жастағы Ева Андреева жоғалып кетті. Полицияға қыздың анасы жүгінген. Оның айтуынша, 26 шілдеде сағат 23:20 шамасында Ева үйден шығып, жоғалып кеткен. Бала қара шорты, қызғылт жейде, қызыл тәпішке киген. Ева Андрееваның қайда екені ...
Толығырақ »