Туынды

Димаштың әнін скрипкада тамылжыта орындаған қостанайлық ару желіде жұлдыз болды (ВИДЕО)

Елордалық Әсел Мекебаева Қостанайда туып-өсіп, 6 жасынан бастап қаладағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектепте оқыған. Егіз бауырымен бірге өнер жолын қаршадайынан бастаған талантты ару жақында Димаш Құдайбергеннің «Аққулар махаббаты» әнін скрипкада тамылжыта орындап, көптің ыстық ықыласына бөленді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап. Осы орайда портал тілшісі дарынды қыздан сұхбат алып, оның өнерге қалай келгенін біліпті. Әсел Мекебаева төрт жасында теледидардан ...

Толығырақ »

Қатыш дөңі

АЗАПТЫ КҮНДЕРДЕН ҚАЛҒАН ІЗ 17-жылдың кезі еді, Патша құлаған. Уақытша өкіметтің құзыры жүріп тұрған кез. Елдің солтүстігінде де, оңтүстігінде де көтерілістер болып, ел аласпыран кезді басынан өткеріп жатқан-ды. Қаратауды жайлаған қоңыраттардың арасынан шыққан Қабақан есімді кісі аңшылықпен өмірі өткесін «Қапқан» атанып кеткен. Сол Қабекең ер жеткен ұлы Садақбайды, қызы Хадишаны, сосын он бес шақты жақын туысын ертіп, елден бөлініп, Қордай ...

Толығырақ »

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап шығарды (видео)

Белгілі гиперреалист мүсінші, суретші Айдос Есмағамбетов данышпан Абайдың мүсінін жасап жатыр. «Биыл Абай атамыздың туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай ұлы ақынның мүсінін жасап шығуды ойладым. Алдымен шағын мүсіншесін сомдап шықтым. Ендігі кезекте өзің көріп отырған мына мүсінмен жұмыс істеп жатырмын. Жұмыстың 80 пайызы дайын болды. Әрине, оңай болып жатқан жоқ. Мүсінді данышпан бабамыздың фотосуретіне қарап дайындау үстіндемін», — ...

Толығырақ »

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (соңы)

Сартүбекте. Ахаңның анасының қуанышы 1910 жылдың желтоқсаны. Торғайда қыстың аязды мезгілі басталған кез. Күн ашық, желсіз. Ақбоз ат мінген жолаушы Қызбел жақтан Аққұмды бет алып келе жатыр. Таң атқаннан бері орта жолға жетіп қалған сияқты. Көкалат тұсынан өтіп, Аққұмға қарай тура тартып келе жатыр. Жер бетінде қар жұқа, кей тұста ақ топырағы көрініп қалады, соған қарап, Аққұмның шетіне түскенін жолаушы ...

Толығырақ »

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (жалғасы)

Байтұрсынұлының Орынборға жер аударылуы   1910 жылдың сәуірі. Семей қалалық түрмесінің алдына бір топ адам жиналған. Олар — Ахаңды, Бәдрисафаны Орынборға шығарып салушылар. Арасында М.Дулатов, ерлі-зайыпты Құлжановтар бар. А.Байтұрсыновты Семей жандармериясы соттан кейін Орынбор жандармериясының бақылауына апарып тапсырмақ. Бәдрисафаға Ахаңмен бірге баруға жандармерия рұқсат берген. Әне, екі конвой Ахаңды екі жағынан қоршап, жабулы ат арбаға қарай алып келеді. Жұрт Ахаңмен көрісіп, ...

Толығырақ »

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (жалғасы)

(Суретте Ахаң тұрған үйдің қазіргі күйі) «Қырық мысал», «Оян, қазақ!» 1909 жыл. Ақпан айының басы. Торғай қаласы (Торғай уезінің орталығы). Күн бұлтты болғанымен, желсіз тымық. Қаланың орталығында татар-ноғай саудагерлерінің дүкендері қаз-қатар сап түзеген. Орталықта алай- бұлай жүрген адам көп. Әсіресе, татар Сафиуллиннің дүкeнінің алдында адам ығы -жығылау. Бір сары шашты сары бала қолындағы даңғырасын қатты-қатты соғып, «Оян, қазақ!», Қазақша жаңа кітап! ...

Толығырақ »

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (тарихи повесть)

1907 жыл. Шілде айы. Ахмет Байтұрсынов Семей түрмесінен босатылғаннан кейін қала базарының маңынан бір бөлмелі пәтер жалдап тұрып жатқан. Оған себеп— жандармерияның «қаладан шықпайсыз» деген нұсқауы еді. Түс әлеті болып қалған кез, Ахмет терезе алдындағы столда Крыловтың «Басни» атты кітабының біраз мысалдарын аударған. Қолжазбасын автордың мысалдарымен салыстырып, кей жерін өшіріп, қайта жазып, кейбір мысалдарға өз жанынан қосып, Крылов мысалдарына жаңаша ...

Толығырақ »

Абсурдизм және Төлен Әбдіктің «Ақиқаты»

ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы прозада шығармалардағы мекен мен мезгілдің нақтыланбауы, жазушылардың кеңістік пен уақыттық өлшемдерге басқаша қарай бастауы, қоғамдық-идеялық фактордан алыстап кету немесе мүлде ескермеу, әлеуметтік белсенді кейіпкерлерден бас тарту т.т. соны сипаттар алғашында тосырқатып тастағаны рас. Қоғамдық идеалдың бұлыңғырлығын, трагизмнің шектен тыс қоюлығын, кейіпкердің әрекетсіздігін тілге тиек еткен сындар да болып жатты. Өйткені әдебиеттің мүлде жаңа сорапқа түсуі, тың ізденістер ...

Толығырақ »

«Биленбеген вальс»: жаныңа жылулық сыйлайды

Əскери жазушыдан кейін прозаға қалам тербеген тағы бір Бауыржанның жинағымен таныстық. Жуырда. 150 беттік шағын жинаққа қаламгердің бірнеше әңгіме, новелласымен қатар мысалдары да еніпті. Өзіміз ұнатып оқитын жасөспірімдер тақырыбы. Автор кітабына бір әңгімесінің атауын қойған екен – «Биленбеген вальс». Әуелі «Қысқы орман» деген қысқа әңгімесін демде оқып шығып едік, іле «Жазда жауған бұршақ» новелласына бас қойып кетіппіз. Бұдан ары «Шортан», ...

Толығырақ »

Қаралы сұлу – Қарагөз

 Если человек любит кого-то до безумия, То всякий его грех заслуживает прощения. Маргарита Наварская  Жазу жазып отыр еді, телефон шылдыр ете қалды. Тұтқаны құлағына тосқанда: – Кешіріңіз, Ерасыл ағамен сөйлесуге бола ма? – деді бейтаныс дауыс. – Мен тыңдап тұрмын. – Ә, ә, иә, өзіңіз екенсіз ғой… Айып етпесеңіз, мүмкін болса… – деп жасқана сөйлеген дауысқа: – Тыңдап тұрмын, айта беріңіз ...

Толығырақ »