Америкалық The New York Times басылымы 2017 жылы баруға кеңес беретін әлемнің 52 мемлекетін анықтады. Рейтингте 26-орынға тұрақтаған Қазақстан да бар деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, 2017 жылы Қазақстан астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтеді. Көрменің тақырыбы — «Болашақ энергиясы». Жарияланған материалда Астанада соңғы жылдары ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады. Сондай-ақ рейтинг авторы Тянь-Шань тауларын да атап өтті. Ал рейтингтегі келесі ...
Толығырақ »Таспа
Қостанайда Жаңа жылдың бірінші күнінде 17 бала дүние есігін ашты
Жаңажылдық демалыс күндері Қостанай перинаталдық орталығының дәрігерлері мен акушерлеріне оңай соқпады. Мамандар өткен жылдың 31 желтоқсанында 9 баланы (5 қыз, 4 ұл) дүниеге алып келді деп хабарлайды «Алау». «2017 жылдың 1 қаңтарында 17 бала дүниеге келді. Оның 11-і ұл, 6-уы қыз. Жаңа жыл түні ең бірінші болып 00.20-да қыз бала дүниеге келді», — деді Қостанай перинаталдық орталығының мамандары. Орталықтың мамандары ...
Толығырақ »Қостанай ескі көліктерді қабылдауда 2-орында
Ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап толығымен іске қосылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өндірушілердің кеңейтілген міндеттерінің операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз мәліметінше, «ӨКМ Операторы» ЖШС ескі көлік құралдарын өткізуді ынталандыру бағдарламасын 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақстанның 17 қаласында толығымен іске қосады. «2017 жылдың 4-15 қаңтар аралығында көне көліктерді бағалау және қабылдауды жетілдіру жұмыстары ...
Толығырақ »Қостанайда сотталған бұрынғы әкімнің әйелі тәркіленген коттежді сот арқылы қайтарды
Қостанайда сотталған бұрынғы әкімнің әйелі тәркіленген коттежді сот арқылы қайтарып алды. Бұл туралы «Наша газетаға» сілтеме жасап тілшіміз хабарлайды. ҚР Жоғарғы сотының кассациялық алқасы сотталған бұрынғы әкімнің әйелі — Бағлан Ахметжанованың адвокаттарының шағымына қатысты шешім қабылдады. Айта кетейік, осыған дейін ҚР Бас прокуратурасына сотталған әкімге қатысты шыққан үкімге бойынша шағым түсірілген болатын. «Өтініш үш ай бойы қаралды. Біз Бас прокуратура қарсы болып, ...
Толығырақ »«Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы мақұлданды
Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның ағымдағы жылғы соңғы жалпы отырысында халық қалаулылары «Коллекторлық қызмет туралы» және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады. 2012 жылы Елбасы тәуекелдер контракциясын тәуелсіз бағалау институттарын және коллекторлық агенттіктерді одан әрі дамыту тұжырымдамасын бекітті. Онда азаматтардың құқықтарын қорғау үшін коллекторлық қызметті мемлекет тарапынан реттеу белгіленген. ...
Толығырақ »Қостанай облысының әкімі «Триумф» жеңімпаздарын марапаттады
Биыл Қостанай облысында 24 оқушы мен жаттықтырушылар, ұстаздар “Триумф» байқауының жеңімпазы атанды. Жеңімпаздарды құттықтау салтанатына өңірден 150 үздік оқушылар мен жас спортшылар шақырылды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов дарынды балалардың ел болашағы екенін айтты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. «Мемлекет басшысы мамандандырылған мектептерге көп көңіл бөледі. Қазақстанда мұндай 124 мектеп бар, ал біздің облыста дарынды балаларға аналған Ы.Алтынсаин атындағы , «Озат» мектептері мен Қазақ-түрік лицейлері білім береді. 2014 ...
Толығырақ »АҚШ долларының бағасы 329,90 теңге
Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін қазақстан қор биржасында 26 желтоқсан АҚШ, Ұлыбритания және Германияда (Christmas Day) мереке күні болғандықтан, USDKZT_TOM, EURUSD_TOM, EURKZT_ТОМ, EURKZT_0_001 және USDKZT_0_001 құралдарымен сауда-саттық өткізілген жоқ. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: — есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 329,90 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 140 500 мың АҚШ долларын ...
Толығырақ »Үкімет ауыл шаруашылығына арналған жаңа бағдарламаны мақұлдады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаметінің директоры Еркебұлан Аxметовтың айтуынша, бүгін Үкімет мүшелері агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жақында «Агробизнес — 2020» бағдарламасына өзгеріс енгізіліп, 2013-2017 жылдарға дейін қысқартылды. Соның орнына министрлік жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірледі. Аталған бағдарлама кейінгі 2017-2021 жылдарды қамтиды. Бүгін Үкімет сағатында ол ...
Толығырақ »Қостанайда жүздеген күдікті рақымшылыққа ілінеді
Қостанай облысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес, 300-ден астам күдіктінің қылмыстық тергеуін тоқтату жоспарлануда деп хабарлады ҚазАқпарат. Олардың арасында кәмелет жасқа толмағандар, жеңіл және орташа қылмыстық әрекет бойынша күдікті болғандар бар. «Рақымшылық негізінен әлеуметтік тұрғыда әлсіз топ азаматтарын, кәмелеттік жасқа толмағандарды, жүкті әйелдерді және кәмелет жасқа толмаған балалары бар әйелдерді, қарттарды, мүгедектерді және ұсақ ...
Толығырақ »Еліміздегі мектептердің 76 пайызы интернетпен қамтылған
Қазақстан мектептерінің 76 пайызы интернетпен қамтылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді. «Мектептерді Дүниежүзілік ғаламтор желісіне қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Кеңжолақты ғаламтормен қамтамасыз ету мектептердің 76% құрайды. 2001 жылы 1 компьютерге 62 оқушы келсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1:11 құрайды. Мектептерде «Онлайн оқыту жүйесі» жобасы енгізілуде», — деді вице-министр. Оның айтуынша, республикада әр ...
Толығырақ »