Тұлға

МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН ЖӘНЕ «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ

Қарабалық кентіндегі М.Сералиннің бюсті Мұхамеджан Сералин 1872 жылы Қостанай уезі Шұбар болысының №5 ауылында (қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылында) туған. Көрнекті жазушы, білікті журналист, қоғам қайраткері ретінде танылған Мұхамеджан 3 жасқа толғанда әкесі Сералы қожа қайтыс болады да, ауыр тұрмыс жағдайынан шешесі балаларын алып Троицкідеге туыстарына кетеді. Мұхамеджан Сералин 1880-1887 жылдары Троицкідегі медреседе оқиды, оны аяқтағаннан кейін Қостанайдағы ...

Толығырақ »

Қалдырған ізі мәңгілік…

(Қостанай жұртшылығы Ғазиз қажы Әмірханұлын еске алды) Жуырда Қостанай облысы Білім басқармасының ұйытқы болуымен ізгілікті шара өтті. Тобыл-Торғай өңірін айтпағанда, есімі бүкіл елге мәлім ұлағатты ұстаз, айтулы дін қайраткері Ғазиз қажы Әмірханұлының 90 жылдығына орай «Абыройы асқан асыл азамат» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.   Шараға мектептер мен ЖОО басшылары, педагогтар, қажының замандастары, Жанкелдин, Амангелді аудандары мен Арқалық, Алматы мен Астанадан арнайы ...

Толығырақ »

Қарақоға – іргелі мекен немесе «Өлі риза болмай, тірі байымайды

Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Албарбөгет селолық округіне бірнеше ауылдар қарайды, олар: Көкалат, Қызылоба, Қарақоға, Көлқамыс. Кезінде Айырқұм жері де (Мешіт ауылы) аталған селолық округ «Еңбек» кеңшары болып тұрған уақытында, оның қырдағы бір бөлімшесі еді. Айырқұмның жұрты 1930 жылдардағы ашаршылық жылдары жаппай қырылып қалып, кейін 70-80 жылдары ел қайта қоныстанған болатын. Кейін өз алдына жеке «Аққұм» кеңшарына айналды, ал Аққұм сол ...

Толығырақ »

Елдес Омарұлының шығармалары жарық көрді

  Биылғы жылы Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл, Алаш арысы Елдес Омарұлының туғанына 125 жыл толып отыр.  Осыдан бірнеше ай бұрын Qamshy.kz ақпараттық агенттігі  «АЛАШ АРЫСЫ ЕЛДЕС ОМАРҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫН ШЫҒАРУ ҮШІН ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ!» деген мақала жариялап,«Наурыздың 15-інде Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне арналған ғылыми конференцияда Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек Шаяхмет Қостанайдан арнайы келіп, Байтұрсынов мұрасы ...

Толығырақ »

Ел дегенде – елгезек

Созбақтайтын түгі де жоқ: қарымды қаламгер, сыншы, аудармашы Қуанышбай аға Құрманғали 75 жасқа толды. Әншейінде ол кісі қазақтың қалам ұстаған азаматтарының талайы туралы толғамды дүние жазған болатын, солардың бірі болмаса, бірі өз қатарласы туралы жылы жазба жазатын болар деп күткеніміз де рас. Өкінішке қарай ешкім ештеңе жазбады. Ұядай ресторанда 75 жылдығы аталып өтті. Жан шырайын келтірген жақсы басқосу болды. Сонда ...

Толығырақ »

Торғайдың күрең торы тобылғысы

 Жазушы-этнограф Сейіт Кенжеахметов туралы эссе-толғау Қос ғасырдың тоғысы 2000 жылдың қоңыр күзі. Жұмыстан ертерек шығып, көше бойлап келе жатырмын. Қарсы алдымдағы қалың нөпірдің арасынан – басында жиегін қара мақпалмен ызған қарқарадай қырғыздың ақ қалпағы, тәлпіш-танау, жүзі сүрлене тотыққан қара сұр адам жолықты. Бір көрген сияқтымын… Мен де ежірейіп қарадам, ол да ежірейіп өте шықты. Тоқта! Мынау әлгі сатирик-сықақшы, этнограф-зерттеуші Сейіт ...

Толығырақ »

Асқар таудың асқақтығын алыстағанда аңғарасың

немесе Марат Барманқұлов ағамыз туралы Қазір Қазақстандағы электрондық ақпарат жүйесінде еңбек етіп жүрген журналистердің арасында бұл кісі туралы естіп-білмеген жан кем де кем болар,сірә… Ал Мараттың 1930-жылдарғы зұлматтың зардабын шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәтінен бастап сезінген жандардың бірі екенін онымен қоян-қолтық араласып жүрген, үзеңгілес замандастарының да көбі біле бермейтін. Торғайда 1864 жылы Ыбырай Алтынсарин ірге тасын қалаған мектеп ...

Толығырақ »

Ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы – Кейкі батырға көрсетілген бұл қандай құрмет?!

  немесе көзі тірісінде халық батырының бас сүйегін жоқтап боздаған қарияның боздауы   ХХ ғасырдың соңында, көп ғасырлар бойына ата-бабаларымыз армандап өткен тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, осынау уақытта жоғалтқан ұлттық құндылықтарымызды түгендей бастағанымыз әр қандасымыздың есінен оңайлықпен өшіріле де, ұмытыла да қоймас. Отаршы Ресей империясының «бұратана халық» деп айдар таққан аз халықтарға жасаған репрессиялық жойқын қысымын, шектен шыққан үстемдігін қалай ұмытарсың! ...

Толығырақ »

Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы туралы

Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы (1693 – 1752) – жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақ Жәнібек, Ормандай көп орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Мұның сыртында ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни ...

Толығырақ »

ОСПАНҚОЖА ӘУЛИЕ

Өтейұлы Оспанқожа 1862 жылы Торғай уезінің Қызбел ауылының Шобан бөлімшесінде дүниеге келген. Бала кезінен бастап бабаларының салып кеткен дін жолындағы істерін жалғастырып, осы уездің ислам дінін таратушыларының бірі болған. Халықты жинап, алдағы болатын табиғат дүлейлері мен қуаңшылық, молшылық кезеңдерін кітап көтеру арқылы жеткізіп отырған, көріпкел әулие адам. Ол діни сауаттылықты халқына жеткізу үшін өз қаражатына Сарықопа болысынан мешіт салып, медресе ...

Толығырақ »