Tag Archives: Амандық Әмірхамзин

Фёдоров қашан Жаркөл болады?!

«Құйылып тұрған көктен нұр, Жиылып тұрған көктем-жыр, Айдында шабақ шоршыған, Жаркөлдің суы мөп-мөлдір» деп келетін ән жолдары Қостанай облысының бұрынғы Жаркөл, қазіргі Фёдоров ауданы жеріндегі Жаркөл көліне арналған. Фёдоров ауданы Қостанай облысының солтүстігінде орналасқан. Аудан 1928 жылы құрылған. Жер көлемі 7,2 мың шаршы метр. Фёдоров ауданы 12 ауылдық округке бағынатын 49 елді мекеннен тұрады, осыған дейін аудан аумағында 68 елді ...

Толығырақ »

Дің немесе үйтас туралы

Жалпы, дің туралы айтқанда есімізге «Екідің» еске түседі. Екідің – VIII-IХ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіштері, шамамен ерте темір дәуірінде пайда болған. Қостанай облысы Арқалық қаласы Екідің ауылының солтүстік-шығысына қарай, Қараторғай өзенінің екі жақ жағасында орналасқан. Ол ертедегі екі рәсімдік құрылыс тастан киіз үй тәріздес салынған. Ескерткішті 1959 жылы Ә.Марғұлан жетекшілік еткен ғылыми экспедиция зерттеген. Академик Әлкей Марғұланның деректеріне сүйенсек, ...

Толығырақ »

Кәсібін дөңгелеткен келіншек

Қазір Қостанай облысындағы Батпаққара жері, дұрысы аудан орталығы тоғыз жолдың торабына айналған. Мына жағы Арқалық, былай Амантоғай арқылы кетсең Қостанайға шығасың, оңтүстігі қарт Торғай. Кенттегі қарқынды жүріп жатқан құрылысқа разы болдым, жергілікті тұрғындар мемлекеттің жәрдемінен басқа өз күштерімен 12 үй салып жатыр екен. Үй болғанда да сыңғырлап тұр. Бәрінен бұрын Амангелдіде салынып жатқан туристік хабқа айрықша разы болдым. Бұл көп ...

Толығырақ »

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай облысы еліміздің негізгі астық егетін аудандарының бірі болып табылады, сонымен бірге мұнда өнеркәсіп жақсы дамыған. Қордың Қостанай облысындағы филиалының басшысы Амандық Әмірхамзин атап өткендей, жоғары экономикалық әлеуетке қарамастан, өңір елеулі проблемаларға тап болып отыр. Адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, медициналық және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі, ...

Толығырақ »

Қор өкілдері қандастармен кездесті

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің белсенділері Рудный қаласына арнайы барып, қандас, кәсіпкер Алмат Нұрмахановпен арнайы барып кездесті. Кейіпкер туралы қысқаша ақпарат айта кетсек, ол 2003 жылы Өзбекстаннан көшіп келіп, Рудныйдың іргесіндегі Юбилейный ауылына қоныс тебеді. Жергілікті кен байыту комбинатына жұмысқа тұрып, тұрақты табысы болса да, көңілі ата кәсіпке ауа берді. Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды көрген ...

Толығырақ »

ЗАҢДЫ БІЛМЕГЕНДІКТЕН ЗАРДАП ШЕГЕТІНДЕР КӨП

Қоғам белсенділері осылай дабыл қағады «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің басшысы Амандық Әмірхамзин жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынға қарапайым еңбек адамдары, қоғамдық ұйым өкілдері, журналистер, медицина, мәдениет саласының өкілдері қатысты. Алғашқы боп сөз алған Амандық Қорғанұлы басты құжат манифестте жұмысшылардың құқықтарын қорғау, барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, кірістерді бөлудегі әлеуметтік әділдік, әр азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу және ...

Толығырақ »

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері барша Қазақстан азаматтарына Үндеу-Манифест жасады

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері барша Қазақстан азаматтарына Үндеу-Манифест жасады. Үндеу-Манифест «Әділдік және Өркендеу» Қорының негізгі құжаты. Құжатта қор белсенділері мен оның жақтастарын біріктірген қуатты әрі әділетті Қазақстанды құру қағидаттары ұсынылған. Қазақстанның әр өңірінен жиналған белсенділер бұл құжатты бірнеше ай бойы түзді. Шамамен 250-ге жуық ұсыныстар мен түзетулер келіп түсті. Олардың барлығы мұқият қарастырылып, талқыланып барып, құжаттың қорытынды нұсқасына ...

Толығырақ »

Қостанай облысының көкейкесті он проблемасы

Қостанай облысының қазіргі күнгі шешуді қажет ететін басты он проблемасы: 1) ауыз су мәселесі, Қостанай облысы ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша республикамызда ең соңғы орын алатын өңір. Қазіргі қарқынмен сумен қамтамасыз ету әлі созылатын түрі бар. Бәлкім облыс бойынша жеке бағдарлама қабылдау керек; 2) Интернет, ұялы байланыс мәселелері. Облыстың аумағында, әсіресе ауылдық жерлерінде Интернетпен, ұялы байланыспен қамтамасыз етілу өте ...

Толығырақ »

Тіл комитеті назарына!

Қостанай облысы Білім басқармасына қарасты мектептер туралы қарап отырып, мынадай қызық жайтқа назар аудардым, облыста 454 мектеп бар болатын болса, сол мектептер орналасқан мынадай елді мекендер атаулары құдды Қазақстандағы емес, Ресей не Украинада жүргендей әсер береді екен. Сонымен қатар, Қостанай облысында бірнеше Сарыкөл, Қарасу, Шилі, Убаган (Обаған) атты елді мекендер мен Тобыл атты ауыл мен қала да бар екен. Бір ...

Толығырақ »

Еркін Аманжолұлы Әбіл туралы

  Біздің мектепті тәмамдауымыз 1990 жылға, яғни КСРО-ның ыдырау кезеңіне сай келді. Арманым тарихшы, яғни саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы және этнология саласы маманы болу еді. Ойласа келе, туған жеріме бір табан жақын Қарағандыға жол тарттым. Ол кезде Қазақстанда екі университет қана болатын, бірі КазГУ, яғни, Ә.Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ал, екіншісі, КарГУ, яғни, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Біз сияқты ...

Толығырақ »