Қостанай облысының қазіргі күнгі шешуді қажет ететін басты он проблемасы: 1) ауыз су мәселесі, Қостанай облысы ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша республикамызда ең соңғы орын алатын өңір. Қазіргі қарқынмен сумен қамтамасыз ету әлі созылатын түрі бар. Бәлкім облыс бойынша жеке бағдарлама қабылдау керек; 2) Интернет, ұялы байланыс мәселелері. Облыстың аумағында, әсіресе ауылдық жерлерінде Интернетпен, ұялы байланыспен қамтамасыз етілу өте ...
Толығырақ »Tag Archives: Амандық Әмірхамзин
Тіл комитеті назарына!
Қостанай облысы Білім басқармасына қарасты мектептер туралы қарап отырып, мынадай қызық жайтқа назар аудардым, облыста 454 мектеп бар болатын болса, сол мектептер орналасқан мынадай елді мекендер атаулары құдды Қазақстандағы емес, Ресей не Украинада жүргендей әсер береді екен. Сонымен қатар, Қостанай облысында бірнеше Сарыкөл, Қарасу, Шилі, Убаган (Обаған) атты елді мекендер мен Тобыл атты ауыл мен қала да бар екен. Бір ...
Толығырақ »Еркін Аманжолұлы Әбіл туралы
Біздің мектепті тәмамдауымыз 1990 жылға, яғни КСРО-ның ыдырау кезеңіне сай келді. Арманым тарихшы, яғни саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы және этнология саласы маманы болу еді. Ойласа келе, туған жеріме бір табан жақын Қарағандыға жол тарттым. Ол кезде Қазақстанда екі университет қана болатын, бірі КазГУ, яғни, Ә.Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ал, екіншісі, КарГУ, яғни, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Біз сияқты ...
Толығырақ »Ресейдің атақты заңгері Фёдор Плеваконың анасы Алма (Өлмесек) Алдарқызы туралы
Ресейдің атақты заңгері Фёдор Плеваконың анасы Алма (Өлмесек) Алдарқызы туралы Ресейдің белгілі заңгері Фёдор Плевако Орта жүз қазақтарының Қарабалық қыпшақтары жерінде Алаш жұрты Мұнанай не Мағынай деген атаумен белгілі қазіргі Ресейдің Челябі облысының Троицк қаласында дүниеге келген. Қала қазақ шекарасынан 6 шақырым қашықтықта ғана тұр. Бірақ, тақырып қала туралы емес, тіпті, Фёдор Плевако жөнінде де емес, өзгенің тұтқынына түсіп, жастайынан ...
Толығырақ »Қостанай облысы туралы қызықты 20 дерек
Қостанай облысы туралы қызықты 20 дерек. Облыс халқының саны – 864 500 адамды құрайды, бұл 2022 жылғы дерек, дегенмен, 1989 жылы облыс халқының саны 1 223 844 болатын, сонда, өңір халқы 30 процентке жуық азайған. Аумағы бойынша Қостанай облысы Оңтүстік Корея аумағынан да үлкен. Оңтүстік Кореяда 52 млн. халық тұратын болса, бізде жоғарыда айтқандай бар болғаны 864 500 адам қоныстанған. ...
Толығырақ »Жүзбай қажы және оның мешіт-медресесі туралы
Бұрын үйде (төрде) бір бума зат ілініп тұратын еді, оны әке-шешем: «Құран бұл, тиіспеңдер» дейтін. Кейін білгеніміздей, ол діни кітаптар емес, анам жағынан атамыз Ысқақтың төте жазумен жазылған есеп-қисап, күнделікті тұрмысы туралы жазбалары екен. Арасында Қазан мен Орынбордан шыққан кітаптар да болды жаңылмасам. Күнделік іспеттес десе болғандай. Ысқақтың өзі де сауатты болған, кезінде Торғайдағы Иванов (қолөнершілік) мектебінде оқыпты. Діни білімі ...
Толығырақ »Рудныйдағы қазақ балалар орысша оқуға мәжбүр
Қостанай облысының өңір орталығынан кейінгі үлкен қаласы — Рудный, өткен аптада өзінің 65 жылдығын атап өтті. Атақты Соколов-Сарыбай тау кен байыту өндірістік кәсіпорны орналасқан аймақ. Тұрмысы бар, жұртының жағдайы жақсы, өндірісі дамыған қала, халқы шамамен 135 000 шамасында. Айтқандай, шаһар пайда болған жердің байырғы атауы — Сарыбай. Бірақ әңгіме қала атауы да, оның мерейтойы да туралы емес, қаланың тіпті жыр ...
Толығырақ »Торғайдан Түркістанға дейін немесе туризм туралы толғану
А.ӘМІРХАМЗИН, өлкетанушы: «Ұланғайыр даламыздың қай түпкірін алсақ та қала жұртын кездестіруге болады» «Жүргенге жөргем ілігеді». Қазақтың осы бір мақалын біз, жиһанкездер қауымы жақсы көреміз. «Жөргем» дегеніміз тек қолға іліге кететін пендеуи түсініктегі пайда көретін материал ғана емес, рухани азық пен эстетикалық ләззат та болуы мүмкін. Батыстың қолы қалт ете қалса ел кезіп кететін саяхатшыл қауымының дүниетанымы да сол – ...
Толығырақ »Мәдени серуен: Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейі туралы
1-сурет. Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейінің сыртқы көрініс Мәдени серуен: Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейі туралы 2-сурет. Өзбекәлі Жәнібековке қойылған мүсін Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейі Қостанай облысы аумағындағы іргелі және тарихы тереңнен бастау алатын және 40 жыл бойы халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп отырған бірегей музей. Музейдің негізін қазақ халқының біртуар ұлы ...
Толығырақ »