Қостанайда Жаңа жылдың бірінші күнінде 17 бала дүние есігін ашты

Жаңажылдық демалыс күндері Қостанай перинаталдық орталығының дәрігерлері мен акушерлеріне оңай соқпады. Мамандар өткен жылдың 31 желтоқсанында 9 баланы (5 қыз, 4 ұл) дүниеге алып келді деп хабарлайды «Алау».

«2017 жылдың 1 қаңтарында 17 бала дүниеге келді. Оның 11-і ұл, 6-уы қыз. Жаңа жыл түні ең бірінші болып 00.20-да қыз бала дүниеге келді», — деді Қостанай перинаталдық орталығының мамандары.

Орталықтың мамандары дүние есігін ашқандар арасында шала туғандардың да барын және олардың жағдайы ауыр болғанын айтады.

alau.kz

фото: newbornfoto.ru

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *