Қостанай қалалық ХҚКО-да кезекте тұрған адам саны алғашқы күндердегідей емес, саябырсыған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.
Орталықтағы көші-қон бөлімі қызметкерлерінің айтуы бойынша, бүгінге дейін облыста 2500-ден астам адам уақытша мекен жайға тіркеліп үлгерген.
Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары келушілердің уақытын үнемдеу мақсатында e-gov арқылы, яғни, уақытша мекен жайға онлайн-тіркелу мүмкіндігінің қарастырылып жатқандығын және оның жақын уақытта жүзеге асатындығын айтты. Халыққа ыңғайлы жағдай жасау үшін жұмыс күні де ұзартылған. Орталықтар мерекелік демалыс күндеріне қарамастан толық жұмыс істеді.
Уақытша тіркелу үшін мемлекеттік баж салығы – 227 теңге.
Аслан ҚАНҒОЖИН