«Келіннен» құтылатын күн жақын…

Қазақстан» телеарнасының рейтингі жоғары хикаяларының бірі – «Келін» телехикаясы ақпан айында аяқталады. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

 Хикаяның аяқталатынын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың өзі растады.
«Келінді қашан құртасыздар, Жаңа жылдан бастап үнді сериалдары берілмейді дегенді оқып, естіп, ой, бір қуанып едік… Әзірге сыңқылдаған үнді сериалының музыкасының үні өшпей тұр» деп назын білдірген көрерменге К.Ойшыбаев мырза телехикая ақпан айында аяқталатынын айтып, көңілін жайландырды.

Еске сала кетсек, бұл сериал 2015 жылдың тамыз айында шамалы уақытқа тоқтап, кейіннен қайта жалғасқан болатын. Ұлттық арна басшылығы, тіпті, осы фильмде Ананди рөлін сомдаушы Авика Гор, Шив — Сиддхарт Шукланы арнайы шақырып, кездесу өткізген болатын.

Бек ТӨЛЕУОВ

baq.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *