Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс тобын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы басқарады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, заңгер қоғамдастығы мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері кірді.
tobyl-torgai.kz