Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысты

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Қазақстандық боксшы жақында ғана құрылған MJA Entertainment’s промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырды. Келісімнің анық-қанығы кейінірек белгілі болады.

Бұған дейін Елеусіновтің, сондай-ақ, Олимпиада жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екендігі хабарланған. Қос спортшы да қазіргі уақытта өтіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиынына қатыспады.

vesti.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *