Қар жауып, боран соғады…

Синоптиктер 2017 жылдың 14-16 қаңтарында ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Қазақстанның батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райын  антициклон белгілейтін болады, сондықтан осы жерлерде басымырақ жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстігі мен шығыс облыстары бұрыңғысынша фронттар ықпалының аймағында болғандықтан, онда қар жауып, боран соғады. Суық түскендігіне қарамастан, Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жуық және кей жерлерде  2-4 градус жоғары болады» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, алдағы болжамға сәйкес, 17-23 қаңтарда және айдың соңында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, ол кезде еліміздің солтүстік бөлігінде түнгі уақытта 30-35 градус аяз, ал күндіз 20-20 градус аяз; оңтүстік аумақтарда түнгі уақытта 20-25 градус аяз, ал күндіз 20-25 градус суық күтіледі.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *