Биылғы жол ережесі айыппұлдарының құны қанша?

2017 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің өсуіне байланысты (1 АЕК – 2 269 теңге) жол-көлік ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі де көтерілген деп жазады turkystan.kz.

Атап айтқанда:

– Жылдамдықты 20-40 шақырым сағатқа арттырғандар – 22 690 теңге, 20-40 шақырым сағатқа дейін жоғарылатқандар – 34 035 теңге, ал 40 шақырым сағаттан жоғары болса 68 070 теңге;

– Өткінші жолақ, бұрылыста, бағдаршамға бағынбай өтіп кеткен жағдайда 22 690 теңге;

– Өткінші жолақта жолаушыларға жол бермеген жүргізушілер – 22 690 теңге;

– Артқа жүру және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде тәртіп бұзған жүргізушілер – 15 883 теңге;

– Бұрылыс кезінде жарық белгісін қоспай бұрылғандар – 11 345 теңге;

– Тротуарда және жалғызаяқ жолдарға шығып кеткендер, сонда көлігін қаңтарып қойғандар – 35 035 теңге;

– Жол бойында апатты жағдай туғызған жүргізушілер – 22 690 теңге;

– Темір тұлпарын жүргізуші куәлігінсіз немесе уақытша куәліксіз басқарған жүргізушілер 11 345 теңге айыппұл төлейді.

turkystan.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *