Ертең Астананың бірнеше көшесі жабылады

Универсиада-2017 қарсаңында елорда көшелерімен алау эстафетасы өтеді деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Алау эстафетасы 25 қаңтар күні, яғни, ертең сағат 11:00-де Назарбаев Университетінен басталып, қала әкімдігінің маңындағы алаңда аяқталады. Алауды белсенді студенттер мен астаналық спортшылар, барлығы 60 адам алып өтпек.

Эстафета 2 кезеңге бөлінген. Ол Қабанбай батыр даңғылы — Достық көшесі — Қонаев көшесі — Бараев көшесі — Республика даңғылы- Кенесары көшесі сынды қаланың орталық көшелерімен өтеді. Алау эстафетасының жалпы ұзындығы — 12 шақырым.

Автожүргізушілер үшін қала билігі кептелістердің алдын алу үшін жолдар кезек-кезек және жүру жолағы бойынша ғана жабылатынын, бұл жүргізушілер үшін ыңғайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік беретінін хабарлайды.

Бірінші кезең аяқталысымен «Бәйтерек» монументінің алдында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған концерттік бағдарлама ұсынылады.

Екінші кезеңде алау республикалық штаб өкілдеріне табысталып, 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Универсиаданың ашылу салтанатына қатысу үшін Астана-Алматы әуе рейсімен оңтүстік астанаға жеткізіледі.

tobyl-torgai.kz

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...