Өскемендік ата-аналар да ағылшын тілін оқиды

Өскемен қаласының мектептерінде ағылшын тілін білмейтін ата-аналарға тіл үйрету курстары ашылды. Алғаш рет қолға алынған шара арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Министрліктің мәліметінше, ата-аналардың 56 пайызы үй жұмысын орындау кезінде баласына көмек көрсете алмайды екен. Осыдан кейін ұстаздар тарапынан түскен ұсынысты көбі қолдаған.

Сабақ тегін, аптасына екі рет жүргізіледі. Кешкі алтыда баласын мектептен алып кетуге келген ата-ана бір сағат уақытын осы жерде өткізбек. Тәжірибелі шетелдік ұстаздар дәріс оқып, сабақ үйретеді.

«Басқа пәндерден көмектесіп отырамын. Ал ағылшын тілін мектеп мұғалімдерінің арқасында оқып жатыр. Өзім үйрете алмаймын. Осы тілді меңгеріп, баламмен ағылшынша қарым-қатынас жасағым келеді. Күнделікті қызметіме орай арнайы оқытатын оқу орнына баруға жағдайым жоқ. Сондықтан осы бастаманы қолдап, келіп отырмын» дейді Гүлмира Шәріпханова.

Мектеп директоры Селман Шимшектің пікірінше, бала күндіз мектепте үйренген нәрсесін үйде де жалғастыруы керек. Ата-анасы тілді білсе, білім деңгейін бірден көтеруге болады.

«Бір жағынан, ата-аналар оқушылардың жағдайын жақсы түсінеді» дейді ол.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *