Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды деп хабарлады ҚазАқпарат.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 327,76 теңгені (-2,73 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 34 800 мың АҚШ долларын (-51 950 мың USD) құрады. Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 48,0356 теңгені (-0,2382 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі — 9800 мың юань (+100 мың юань) болды.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.
inform.kz