Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің 2016 жылдың жұмысын қорытындылаған кеңейтілген жедел мәжілісінде облыстық Ішкі ісер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов «Үздік ішкі істер бөлімі» аталымы бойынша қызметте ерекше көзге түскен аудандар мен қалалардың полиция бөлімдеріне көшпелі вымпелдер мен мақтау қағаздарын тапсырды деп хабарлайды egemen.kz.
Полицейлер үшін өткен 2016 жыл жеңіл болған жоқ. Жыл қорытындысы бойынша Жітіқара, Лисаков қалалық, Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімдері мен Арқалық қалалық Ішкі істер басқармасы үздіктер қатарынан көрінді.
«Біздің полиция бөлімінің мұндай жетістігіне әр қызметкердің үлесі бар» деді Жітіқара қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Серік Нұртаев.
egemen.kz