Былтыр 348 үміткер PhD дәрежесін алды

2016 жылы 377 PhD үміткер өз зерттеулерін шетелдік басылымдарда жариялады, оның ішінде 348-і, ал 2015 жылы 451 үміткердің 407-сі PhD дәрежесін алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылы философия докторының дәрежесі және ғылыми атақтар алуға үмітті жұмыстарды жариялауға болатын журналдарға қойылатын талаптарды күшейтетін және қатаң регламенттейтін бірқатар нормативтік құқықтық құжаттар қабылданған болатын. Осы ретте былтыр шетелдік басылымдарда ғылыми атақтарға үміткерлермен шетелдік басылымдарда 162 зерттеу мақаласы жарияланғанын айта кету керек. Бірақ тек 111 үміткер ғана доцент пен профессор ғылыми атақтарын алды. 2015 жылы 64 үміткердің тек 38-і ғана ғылыми атаққа ие болды.

«Енді ғылыми мақалалар Web of Science, Thomson Reuters ақпараттық базасында импакт-фактор болған кезеңде немесе Scopus базасында индекстеу кезеңінде басылымдарда жариялануы керек және журналдың тақырыптық бағытына сәйкес болуы қажет. Осылайша, біз докторант немесе ғылыми атақ ізденушісі мақаласын жариялауға тиіс журналдарда жариялауға шек қоямыз» деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *