Лисаковскіде жас жігітті алты сағат бойы азаптап өлтірген

Қостанай облысында 22 жастағы жігітті алты сағат бойы қинап өлтірген. Қайғылы оқиға Лисаковск қаласында күдіктілердің бірінің пәтерінде болған. Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасы басқармасының басшысы Қайрат Жүсіповтің мәлімдемесінен белгілі болды деп хабарлайды alau.kz.

Пәтерде төрт адам спирттік ішімдік ішіп отырған. Олардың ішінде пәтер иесі, оның әпкесі мен екі танысы болған. 17 қаңтар күні таңғы сағат 04:00-де пәтер иесі, оның досы және ажал құшқан адам арасында жанжал болған. Сөзге келісе алмаған олар 22 жастағы таныстарына қол жұмсаған.

«Олар мас күйінде жігітті сағат 11.00-ден 19.00-ге дейін тоқтаусыз таяққа жыққан. Ол жәбірленушіні жұдырықпен ұрып, денесін, басын тепкілеп тастаған. Сондай-ақ жас жігіттің кеуде тұсынан пышақтап кеткен» деп мәлімдеді Қайрат Жүсіпов.

Оқиға орнына келген автопатруль күдіктілерді құрықтап үлгерген.

Қазіргі таңда кісі өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

alau.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *