Елбасы Үндеуіне байланысты ұсыныстарды қайда қалдыруға болады?

Ақорда «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамаға қатысты ұсыныстарды қайда қалдыруға болатыны туралы ақпарат таратты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.

Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық талқылауға шығарған «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамаға ұсыныстардың 2017 жылғы 26 қаңтар — 2017 жылғы 26 ақпан аралығында мына мекен жай бойынша қабылданатыны айтылады:

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Үкімет үйі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі, электрондық пошта — ap2017@akorda.kz.

Еске сала кетсек, 25 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға Үндеу жасаған болатын. Елбасының билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінен берілді. Өз сөзінде Президент бұл арқылы мемлекеттік атқарушы органдардың және олардың жетекшілерінің жауапкершілігін арттыратынын, қажетті өкілеттік алатынын атап өткен болатын.

 

tobyl-torgai.kz

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *