ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бірінші орынбасарына прокуратура қызметкерлері таңнан түнге дейін еңбектеніп, мемлекеттік пайдалы іс атқарып жүргендей көрінуді қойсын деп өтініш білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель сөзін аяқтағаннан кейін ведомство басшысы оған өтінішін айтты.
«Сізге өтінішім бар. Осы кезге дейін қызметті үйлестірумен әр департамент өзінше айналысып келді. Сондықтан топтасайық. Қазір айтқаныңыздың бәрін іске асыру керек. Ал сіз уақыт жетпегендіктен барлығын айтып үлгермедіңіз. Егер қандай да бір жұмыс адамдарға, қоғамға, мемлекетке пайдалы болмаса, одан бас тарту керек. Сосын таңнан кешке дейін мемлекеттік маңызы бар пайдалы іспен шұғылданып жүргендей көрінудің қажеті жоқ» деді Жақып Асанов Бас прокуратураның алқа отырысында.
«Егер сіз штатымызды белгілі бір деңгейде қысқартуды ұсынсаңыз, сізді марапаттау туралы өзім өтініш беремін» деді Ж.Асанов орынбасарына.
Оның айтуынша, прокуратура органдары заманауи менеджмент технологиясын енгізеді.
tengrinews.kz