Универсиада жарыстары ауа райына байланысты кейінге шегерілді

Алматыда Универсиаданың бірнеше спорт нысанындағы жарыстар ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді деп хабарлайды Vesti.kz.

«Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені тасжолындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты тау шаңғысы комбинациясына кіретін әйелдер арасындағы супергиганттан жарыстар кейінге қалып отыр. Сонымен қатар «Сұңқар» трамплиндер кешенінде өтіп жатқан шаңғы қоссайысы тәртібіндегі трамплиннен секіру жарыстары кейінге қалды. «Сұңқар» шаңғы-биатлон кешеніндегі биатлоннан және шаңғы жарыстары кестесі өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК дауылды алдын ала ескертуі негізінде қар көшкіні жүретінін ескертіп отыр. «Іле Алатауында қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуынан 31 қаңтар — 1 ақпан аралығында қар көшкіні күтілуде. Таулардың қарлы тік беткейлеріне шықпауды ұсынамыз» дейді ведомстводағылар.

Еске салайық, синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 31 қаңтар мен 2 ақпан күндері аралығында ауа райының қандай болатынын айтқан болатын.

 

vesti.kz

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *