Дэниэл ДЖЕЙКОБС: Головкин менен қауіптенеді…

WBA тұжырымы бойынша Regular белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жектен не күтетінін айтып берді деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

«Ол өзін кез келгенге ұрғызып қояды дегенге сену ақымақтық болар еді. Дегенмен, ол алдыңғы қарсыластарынан менің мүлде басқа екенімді біледі, сондықтан қауіптенеді. Ол өзін ұрғызып қарап тұрмас, ал егер менімен жұдырықтасқанда қолыңды түсіріп қойсаң, ақымақ болғаның!

Мен физикалық тұрғыда ең мықты күйде боламын, мен бұрын жаттығып көрмегендей жаттығамын. Еңбектеніп жатырмын. Маған биікке көтерілген андердогтар туралы оқиғалар ұнайды. Мен өмір бойы күресіп келдім, мен дайынмын» дейді  Дэниэл Aleetboxing басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин — Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады. Қазақстанда жекпе-жек «Қазақстан» және KazSport арналарынан көрсетіледі.

 

vesti.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *