Қостанай облысында қалың тұманның түсуіне байланысты дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Демалыс күндері аяздың және қардың әлсіреуіне себеп болған циклон басылды. Енді 7 ақпан күні Қостанай облысының кей жерлерінде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Сол себепті дабылды ескерту жарияланды», — деді «Қазгидромет» орталығының облыстық филиалы кезекші инженер-синтоптигі Наталья Терентьева. Синоптиктер қостанайлық көлік жүргізушілеріне алыс жолға шығарда сақ болуға шақырады.
inform.kz