Қостанай қаласының іргесінен 11 көп қабатты үй салынады

Соңғы екі жылда Қостанай ауданында 9 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Ахметов есеп беру жиынында мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанай ауданында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Аталған үйлер Қостанай қаласының іргесінде орналасатын болады.
«Соңғы екі жылда 9 көпқабатты үй тұрғызылды. Бұл құрылыстарға 1 миллиард 304 миллион теңге жұмсалды. Енді Заречный елді мекеніндегі «Северный» шағын ауданында 339 пәтерлі 11 үй салынады. Бұған 2 миллиард теңге қарастырылған» деді Қ.Ахметов өз баяндамасында.
Айта кетейік, қазір аталған үйлердің аулаларын абаттандыруға 41 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ шағын аудандағы үйлердің подъездерін жүргізуге 140 миллион теңге кетеді. Ахметовтің сөзінше, қаржы жоспарлы түрде игеріледі.

Еске салсақ, Қостанай ауданының «Көктем», «Тобыл-1», «Тобыл-2» шағынаудандарындағы тұрғын үй құрылыстары аяқталған соң, аудан қала мәртебесіне ұсынылуы мүмкін. Аталған мөлтекаудандар инженерлік-коммуникациялық желілер тартылғаннан кейін тұрғындар игілігіне беріледі.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *