«Birgemiz»: Түркістан облысы Қостанайға 18 тонна қырыққабат жеткізді

Республикалық «Birgemiz» акциясы аясында Қостанайға Түркістан облысынан 18 тонна қырыққабат жеткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат Nur Otan партиясының облыстық филиалына сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы жағдайға байланысты қостанайлық кәсіпкерлер Мақтаарал ауданына көмек ретінде 20 тонна ұн жіберген болатын. Гуманитарлық көмекті жеткізуге жергілікті «Salamat» және «Атамекен-Дос» ЖШС қаржы бөлді. Кәсіпорын қоймаларында партияның волонтерлері мен белсенділері ұн тиеп, діттеген мекенжайға жеткізді.

«Қостанай облысынан барған ұн мақтааралдықтарға таратылды. Бүгін жүк көлігі Қостанай облысына келіп жетті. Оның үстіне бос келген жоқ. Сарыағаш ауданы Төңкеріс ауылының тұрғындары Қостанай облысының аз қамтылған отбасылары үшін 18 тонна қырыққабат беріп жіберді» делінген Nur Otan партиясының баспасөз хабарламасында.

Түркістаннан келген қырыққабат енді жергілікті елді мекендердегі аз қамтылған отбасыларға үлестіріледі. Қалалар мен аудандардағы филиалдар жағдайы төмен отбасылардың тізімін жасайды.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *