2016 жылдың желтоқсанында жаңа тұрғын үйдегі пәтердің шаршы метр құны 247,3 мың теңге болды деп хабарлайды Cтатистика комитеті.
Жаңа үйлердегі баға 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға төмендеген.
Жайғастырылған баспананың құны 2016 жылы 0,7%-ға қысқарып, шаршы метріне 188,6 мың теңге болды.Ал жайғастырылмаған баспананы қайталап сату 3,6%-ға (шаршы метрні е115,3 мың теңге) қымбаттады.
Сонымен қатар элиталық баспананың шаршы метр құны желтоқсанда 203,9 мың теңгені құрап, жыл ішінде 1,1%-ға төмендеді.
Жайлы баспананы жалға алу нарығында 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда айтарлықтай құбылу жоқ. Еліміздің қайтамала нарықтағы жалдамалы баспананың шаршы метрі айына 1,2 мың теңге (қысқару – 0,2%) тұрды. Ал жайғастырылмаған баспананы жалдау ақысы әр шаршы метріне 726 теңгеге шығады.
egemen.kz