Таспа

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 2017 жылдың 11-13 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. «Қазгидромет» РМК өкілдерінің айтуларынша, Қазақстан аумақтарында антициклонның ықпалынан арктикалық ауа массалары келе бастады. Сондықтан демалыс күндері республиканың шығыс және оңтүстік аймақтарынан басқа, көптеген облысында  ауа райы суық болады деп күтіледі. Сондай-ақ синоптиктер шығыста сенбі күні қар жауып, боран соғып, екпінді соққан жел сақталатынын айтады. Ал ...

Толығырақ »

Конституцияға ұсынылған өзгерістер пысықталатын болды

Азаматтардың ұсынысынан кейін Конституцияға ұсынылған өзгерістер пысықталатын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін, 10 қаңтарда Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы болып өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бүкілхалықтық талқылаудың аралық қорытындысы талқыланды. «Қазақстан азаматтары Мемлекет басшысының бүкілхалықтық ...

Толығырақ »

Елбасы Ақордада кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мәселелері туралы жиын өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Шараға Премьер-Министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер және компаниялар, сондай-ақ, еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты. Жиында Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды. ...

Толығырақ »

Қостанайда полицейдің бетін тырнаған әйелге сот үкімі шықты

Полицейдің бетін тырнаған қостанайлық тұрғынға екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қостанай қалалық №2 соты қылмыстық істе 32 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі («Билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану ...

Толығырақ »

«Көк кит» ойыны Қостанайға да жеткен бе?!

Қостанайда екі бала өлім ойындарының әсерінен өз-өздерін өлтірмек болған. Бұл мәліметті «Алау» басылымына Қостанай облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов растады. «Қазіргі уақытта Instagram мен «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінің қолданушылары арасында адам өміріне зиян келтіретін және өлімге әкелетін ойындар кеңінен таралып жатыр. Қостанайдағы екі мектеп оқушысы Интернеттегі өлім ойындарының әсерінен өзін-өзі өлтірмек болды. Олар — 2003 жылғы балалар. Жасөспірімдердің бұл әрекетіне тосқауыл ...

Толығырақ »

Жанкелдин ауданының әкімі қызметінен не үшін кетті?

Қостанай облысы Жанкелдин ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғарин жұмыстан кетуге өтініш білдіріп, оның өтініші қанағаттандырылды. Отставкаға кетуіне оны ірі көлемде бөтен мүлікті иеленіп, оны жұмсауға қатысты айыптау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту себеп болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады. Облыс прокуратурасы қылмыстық іс 6 ақпанда сотқа берілгенін растады. Бұдан бұрын хабарланғандай, А.Кенжеғарин зейнеткер Мұхтар Омархановтың өтініші бойынша жауапкершілікке тартылған. Ол Алтынсарин ...

Толығырақ »

2006 жылы шыққан 1000 теңгеліктер айналымнан алынып тасталады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналыста болуын аяқтайтынын және төлем құралы болуын тоқтататынын еске салады деп хабарлайды Ұлттық банк. Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 ...

Толығырақ »

Қостанай облысында тұрғын үйден граната табылды

Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 ақпанда Қарабалық ауданы Елшанов ауылында жарылғыш зат табылған деп хабарлайды Alau.kz. 55 жастағы үй иесі гранатаға ұқсас затты шкафынан тапқан. «Полиция қызметкерлері жүргізген арнайы шаралар барысында, күдікті заттың жаяу әскерге қарсы қорғаныс үшін қолданылатын Ф-1 гранатасы екені анықталған. Оның сырты коррозияға ұшыраған. Ф-1 гранатасын ІІД қызметкерлері қауіпсіз жерде жарып, көзін жойды» делінген  ведомство баспасөз ...

Толығырақ »

Өткен жылы Қазнетте суицид пен терроризмді насихаттайтын 110 мың материал жойылды

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев былтыр интернет-ресурс иеленушілері мен әкімшілеріне 150 мың ақпараттық материал бойынша 500 ескерту айтылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2016 жылы интернет-ресурс иеленушілері мен әкімшілеріне 150 мың ақпараттық материалға қатысты ескерту жазылған 500 хат жолданды. Осы арқылы интернет-ресурс иеленушілері терроризм мен экстремизм, зұлымдықты, суицидті насихаттайтын заңға қайшы 110 мың материалды жойды. Бұдан бөлек, 2016 жылы 31 мың материалды жою туралы ұйғарым шықты, оның ...

Толығырақ »

Димаш бұл жолы 3-орынды иеленді

    Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» байқауының төртінші кезеңінде үшінші орын иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бірінші орынды «Сяо Цзиньтэн Шицзы» («Lion») тобы алса, екінші орынды Линь Илянь иеленді. Үздік үштікті Димаш Құдайберген түйіндеді. Төртінші – Ду Лиша, бесінші – Чжан Цзе, алтыншы – Тань Цзин (үшінші кезеңде бірінші орын алған болатын) және жетінші – Чжао ...

Толығырақ »