Бүгін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Жедел штабтың отырысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов індеттен қорғанудың ережелерін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тұрғындарға тағы да мәлімдеме жасағым келеді. Қазір карантин шектеулерін жеңілдетіп жатырмыз. Бірақ вирустан қорғанудың бес «алтын» ережесі әлі күшінде. Бұл туралы дәрігерлер де үнемі айтып келеді. Біріншісі – қашықтықты сақтау. Қасыңдағы адамнан кем дегенде 2 метр қашықта жүру, ...
Толығырақ »Таспа
Үш елді мекенге табиғи газ тартылады
Қостанай облысында шалғай елді мекендерге ауыз су жеткізу, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Оның ішінде ауылдарды газдандыру бағытындағы бастамалар нәтижесі қуантады. Соңғы төрт жыл көлемінде жүргізілген газдандыру жұмыстарының арқасында 179390 шаңыраққа көгілдір отын жеткен. Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалы арасында «Газ тарату жүйелерін тарту, техникалық жабдықтау» меморандумы жасалған. Келіссөз шеңберінде 2016-2020 ...
Толығырақ »«Birgemiz»: Қостанай облысы Мақтааралға гуманитарлық көмек жөнелтті
«Birgemiz» акциясы аясында қостанайлықтар Түркістан облысының Мақтаарал ауданына 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шараны Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған. Гуманитарлық көмекке жергілікті «Salamat» және «Атамекен-Дос» ЖШС қаржы бөлген. Бүгін партия белсенділері мен волонтерлер жүк көліктеріне азық-түлік тиеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, гуманитарлық көмек Түркістан облысына үш күн ішінде жетеді. «Апат айтып келмейтіні рас. Түркістан облысының Мақтаарал ауданының ...
Толығырақ »Өңір диқандары егіс жұмыстарын бастап кетті
Қостанайлық диқандар көктемгі егіс жұмыстарына кірісті деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап. Биыл өңірде тұқым бағасы бір жарым есе қымбаттаған. Бұған қоса, пандемия салдарынан шекара жабылғасын қосалқы бөлшек сатып алу да қиынға түскен. Осындай қиын жағдайда шаруаларды қолдау үшін Қазақстан Үкіметі тек осы өңірге көктемгі егіске деп 21 млрд теңге бөлді. Нәтижесінде, осы жылы ...
Толығырақ »Қостанай облысында карантин режімі 18 мамырдан бастап жеңілдетіледі
Қостанай облысында 18 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіледі деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Аймақ басшысы атап өткендей, бүгінде инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің ұсыныстары мен өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Жедел штаб 18 мамырдан бастап ...
Толығырақ »АрқМПИ аккредиттеу туралы куәлік алды
АрқМПИ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік алды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Қазақстан Республикасында ғылымның қоғам қалыптасуының маңызды факторына айналуы негізгі үрдіс болды. Соңғы жылдары еліміз отандық ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға, бәсекеге қабілетті өнім алуға, республиканың ғылыми және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеуге және игеруге бағыт алды. Бұл бағытты еліміздің жоғары оқу орындарының ...
Толығырақ »Қостанай облысында 515 шақырым жол жөнделеді
Қостанай облысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 515 шақырым тас жол жөндеуден өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық жол активтері сапасының орталығы» облыстық филиалының директоры Абылайхан Алшынбаевқа сілтеме жасап. Елімізде 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық және аудандық маңызы бар жолдар қалыпқа келеді. Бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылы республикалық және жергілікті маңызы бар 9,5 мың шақырым автожол жөндеу ...
Толығырақ »Жітіқара: 5 жасар бала 5-қабаттан құлап кетті
Қостанай облысында 5 жасар бала терезеден құлап кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға бүгін сағат 17.00 шамасында Жітіқара қаласында болған. Бала үйдің бесінші қабатындағы балконнан құлап кеткен. «Оқиға орнына жеткен фельдшердің айтуынша, сәби қараусыз қалған. Терезедегі маскит торын басып қалып, төменге құлап кеткен. Қаңқа сүйектері сынбаған. Сағат 17.09 кезінде стационарға жатқызылды. Қазір ол ...
Толығырақ »Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді
Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 10 мамырда Қостанай және Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Оңтүстік- шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Толығырақ »«Жігері жасымаған» «Жігер»: Арқалықта 45 жыл бойы жөнделмеген стадион жаңғыртылады
Қостанай облысының Арқалық қаласындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Арқалық қаласы дене тәрбиесі және спорт бөлімінің құзырындағы «Жігер» стадионы биыл толық жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. 1975 жылы іргесі қаланған нысан осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген. Тек 2017 жылы стадиондағы футбол алаңы ауыстырылған. Алаң жиегіне жасанды төсеніштер мен жүгіру жолақтары орнатылды. Стадион қазір 5000 адамды ...
Толығырақ »