28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады», — деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли. Еске салайық, 27 желтоқсан күні Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және ...
Толығырақ »Таспа
Архимед Мұхамбетов ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Денисов және Қамысты аудандарына жұмыс сапарымен барып, Nur Otan партиясының жергілікті кеңсесінде тұрғындарды қабылдады деп хабарлайды ҚазАқпарат. А.Мұхамбетовтің Nur Otan партиясы кеңсесіндегі қабылдауына екі ауданның тұрғындары жазылған. Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылының бірнеше азаматы былтыр ауыз сумен қамтылған елді мекенге енді газ құбыры тартылса игі болар еді деген тілектерін жеткізсе, Денисов ауданының тұрғындары көптен күтім көрмеген ...
Толығырақ »Қостанай облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан тәртіп сақшысы көз жұмды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 18 желтоқсанда Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолының 84 шақырымында болған. «Жүк көлігі мен «Ауди» соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті. «Ауди» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Жол апаты салдарынан Әулиекөл ...
Толығырақ »Торғайда газ баллоны жарылып, 4 адам қаза болды
Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосында тұрғын үй ішінде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға 15 желтоқсан күні Торғайда болған. Соңғы мәлімет бойынша, Байқадамов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылған. «Сағат 21:00 шамасында аудандық ауруханаға бес адам жеткізілді. Олардың арасында үш баланың денесін 40%, ал ...
Толығырақ »Жанкелдин ауданында 15 қабанды жайратып салған күдікті ұсталды
Қостанайлық полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді ұстады. Олар он миллион теңгеден астам шығын келтірген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тәртіп сақшылары Жанкелдин ауданының Торғай ауылында патрульдеу барысында Nissan Patrol маркалы автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік салонынан полиция қызметкерлері 15 жабайы қабанның терісін тапқан. «Аталған факті бойынша Жанкелдин ауданы Ақшығанақ ауылының 58 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті аң аулау лицензиясынсыз 15 ...
Толығырақ »Ерлан ҚАЛМАҚОВ, Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы: Биыл өңірдің киелі жерлерінің тізіміне қосымша 9 нысан енгізілді
Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында киелі нысандардың қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жасалған Жол картасының орындалу барысы талқыланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуына қарағанда, өңірде 29 киелі нысан бар. Атап айтқанда, жалпыұлттық маңызы бар – 10, өңірлік маңызы бар 19 нысан тіркелген. Олардың қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша ...
Толығырақ »Рудныйда 50 отбасы баспаналы болды
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Рудный қаласының 50 тұрғыны «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Восточная» ықшам ауданындағы жаңа пәтерлердің кілтін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырды. Бес қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 3900 шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 442,6 млн теңге жұмсалған. Бас мердігер – «Рудныйсоколовқұрылыс» АҚ. «Аймақта тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келе жатқанына ...
Толығырақ »Қостанай облысында бірқатар тағайындау болды
Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында бірнеше департаменттің жаңа басшылары таныстырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Айбек Ғалымжанов Қостанай облыстық Статистика департаментінің басшысы болып тағайындалды. Айбек Тойшыбекұлы 1976 жылы 2 қаңтарда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында туған. Білімі – жоғары, 1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын аяқтады, біліктігі – көлік кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент. ...
Толығырақ »Қостанай облысында ет өнімдері комбинаты іске қосылды
Қостанай облысының Қарабалық ауданында ет өнімдерін шығаратын комбинат іске қосылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қарабалық ауданының әкімі Нұржан Өтегеновтің сөзінше, бұл, біріншіден, отандық өнімдердің нарыққа шығуын қамтамасыз етсе, екіншіден, аудан тұрғындарын жаңа жұмыс орындарына орналастыруға оң жағдай туғызды. «Бүгінге дейін бұл комбинаттың жұмысы 15 жыл бойы тұралап қалған болатын. ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі аясында аталмыш кәсіпорын қайта жаңғыртылып, өрлеу кезеңіне ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов әкімдерге жұмыспен қамту шараларын үнемі назарда ұстауды тапсырды
Облыс әкімдігінде өткен селектор жиынында жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсету мәселелері талқыланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аудан-қала әкімдерімен өткен мәжіліске аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов қатысты. Алдымен Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Гүлнар Әбенованың баяндамасы тыңдалды. Оның сөзінше, облыстың атқарушы органдары халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Мәселен, ...
Толығырақ »