Тұлға

Асыл аға

Биыл 60 жылдығын тойлап отырған Арқалық қаласы Торғай төсіндегі ерен еңбек қаласы болғаны мәлім. Ал, кешегі күні қайнаған еңбек ордасы Арқалыққа қазақ даласының түпкір-түпкірінен қаншама жастар келіп өз бақытын тапты. Бұл шаһардың қазақ тарихында ойып тұрып алатын өзіндік орны бар десек, ал Арқалықтың қала болып қалыптасуына өзінің ғұмырын арнаған асыл жандардың бірі Сәндібек Мұқышұлы Есқожин. Сәндібек ағамыз 1947 жылғы 15 ...

Толығырақ »

Қолмерген

Елі мен жері үшін өмірін арпа­лыс­та өткізіп, сол жолда жанын пида ет­кен жаужүрек ұлдарын туған халқы еш­қа­шан да ұмытпаған. Олардың аяулы есім­дерін ардақтап, аңыз-жырға айналдырып, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіруге тырысқан. Сондай ел есінде сақталған есіл ерлеріміздің бірі – Кейкі Көкембайұлы. Батырдың бейнесі артындағы ақар­лы-шаһарлы жұртымен бірге жасап, өмір­шеңдік танытса да кешегі кеңес дәуірін­де солақай саясаттың салқынымен ғылыми зерттеулерден алынып тастал­ғаны ...

Толығырақ »

Өзағаңның өнегесі

Егер тірі болса еліне еңбегі сіңген елеулі тұлға Өзбекәлі Жәнібеков бұл күндері 85 жасқа толар еді. Үкімет үкілеп атап өтерліктей дөң­ге­лек дата емес екенін білеміз. Әйтсе де асы­лын ардақтай білер әлеумет әулие­дей әспеттеген аяулы ағамыздың көзі тірісіндегі көшелі істерін жадымызда қайта бір жаңғыртуды жөн көрген жайымыз бар. Өресі биік Өзағаң кешегі қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде ұлтқа қызмет етудің ...

Толығырақ »

Тобыл-Торғай Торсаны

Өзін әлі сергек сезінетін Тор­сан ақсақал күнделікті ақпаратты қалт жібермейді. Ғұмыр бойы шаруашылық ұйымдастырушы бол­ған соң ба, еліміздің эконо­микалық саясатын, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді ерекше қадағалап отырады. Ауыл шаруашылығында біржақты жүргізілген істен көштің жүгі ауып қалатынын бүгін осы саланың басы-қасында жүргендер білсе екен деп отырады. Егінмен қатар, мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінуі тиіс. Мал мен егін бірін бірі толықтырып отырады, ...

Толығырақ »

Арманға бай ғұмыр

(Мейрамбек Төлепберген мен Мылтықбай Ысмағұл) Эссе «Торғайдан хабарласып тұрмын!» деген таныс дауыс естілгенде, қуанып қалатын едік… Әсте, Алматыға алғаш барған адамның бойында арманшыл қасиет оянып, бір тылсым күштің әсері ме екен, бұдан былай тек жақсы өмір сүргісі келетін құдірет пайда болады. Табиғаты ерекше әсем, келбеті ғажайып қаланың құшағы бар қазақ баласы үшін ашық әрі ыстық болуы да бозбалалар мен бойжеткендерді ...

Толығырақ »

Білім жарысы бізге керек пе?

Білім жарысы Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер. Оларға бәйге тігіп, жарыстыратындар бай адамдар я обществолар. Бәйге тігу, жарыс істеу біздің қазақта да бар. Қазақта бай адамдар я қуаныш нәрсеге той істеп, ат шаптырады, я өлген адамына ас беріп, ат шаптырады. Байлығына қарай, адам-дығына қарай ас пен тойдың үлкені де, кішісі де болады. Барлығы бәйгеге тіккен малынан ...

Толығырақ »

Өлең кестесін келістірген ақын

Мен алғаш рет Кеңшілікпен бес-алты жасымда танысқан едім. Содан достасып кеттік. Дос болғанда қандай, ауылдағы он бес шақты баланың таңертеңнен кешке дейін бас қосатын жеріміз де бір, ойнайтын жеріміз де бір болатын. Кеңшіліктің әкесі Ағытай мен шешесі Мәр­күлдің сол кездері әрі кетсе отыздан ғана асқан кезі. Ағытай соғыс кезінде басынан жа­раланып келген, көп үндемейтін кісі еді. Кеңшіліктің сөзшеңдігі, арсалаңдап тұратын ...

Толығырақ »

Айғаным ханша

1-сурет. Айғаным ханша (Сейіт Кенжеахметұлының жеке мұрағаты:«Қазақтың зиялылары» айдарымен шығуға тиіс еңбегінен) «Айғаным – Шоқан Уәлихановтың әжесi (Уәлиханның кiшi әйелi, Шыңғыстың шешесi). Айғаным шығыс халықтарының бiрнеше тiлiн бiлген, ақылды, көреген кiсi болған. 1821 жылы Уәлихан өлгенде, оның мұрагер үлкен ұлы Ғұбайдолла саяси қуғында болатын. Сондықтан елдi Айғаным басқарды (1821-1834 жж.). «Сiбiр қазақтары туралы уставы қабылданғаннан кейiн патша үкiметiнiң әкiмшiлiк орындары ...

Толығырақ »

Естен кетпес емтихан

 (Эссе)  Үздікке қойылған «үштік» Қаламы жоқ жазбаған, Көмбесі жоқ қазбаған. Көз өтті ме, бір күні, «Гостан» құлай жаздаған. (Журналистік фольклордан) Журфактың өзіне жетерлік аңыз әңгімелері баршылық. Бірінші курсқа оқуға түскендер сол адам айтқысыз аңыздардың арасында әбден малтығып қалады. Мұндай маңызды «мифтердің» көпшілігі оқу бітіріп кеткендер немесе жоғары курстың студенттері жайлы болып келеді. Сондайда тілге тиек болатын жәйттің бірі – ілгеріде ...

Толығырақ »

Біз білетін Мырзағали

Мен журналистік қадамымды бір кезде әйгілі Көкше өңірінің облыстық газеті болған «Көкшетау правдасынан» бастаған едім. ҚазМУ-дің филология факультетінде оқып жүргенде осы газеттің редакциясында екі айлық тәжірибеден өтіп, журналист болудың қыры мен сырын үйрендім. Оқуды бітірген соң да біраз уақыт осы босағада қызмет істеп, біліктілік жетілдірдім. Сол тұста «Көкшетау правдасының» редакциясында екі Мусин қызмет істеді. Олардың біріншісі Мусин Жанайдар деген жігіт ...

Толығырақ »