Tag Archives: Мерейтой

Мәулен Әшімбаев: Президентіміздің жаңа бастамалары Торғайдың дамуына тың серпін береді деп сенеміз

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент тапсырмасымен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты. Ол «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Ахмет Байтұрсынұлы – тарихымызда айрықша орны бар бірегей тұлға. Алаш жұртының асыл перзенті халқымыздың тағдыры сынға түскен күрделі кезеңде ерекше қайраткерлік танытты. Шын мәнінде Ахаңның өмір жолы – ...

Толығырақ »

Ахмет Байтұрсынұлының кейінге шегерілген 150 жылдық мерейтойы 1 қазанда өтеді

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке байланысты кейінге шегірілген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шаралар 1 қазанда өтеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.  Биыл 3-5 қыркүйек күндеріне жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы төтенше жағдайдың салдарынан кейінге шегерілген болатын. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді. Қостанай облысы Мәдениет басқармасының директоры ...

Толығырақ »

Тоқаев Торғайға баратын болды

Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  «Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында.

Толығырақ »

Тоқаев Торғайға бара ма?

Сіздер не ойлайсыздар? Ахмет атамыздың ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді деген тойына шамалы ғана күндер қалды. «Ел құлағы елу» дейді, алайда Байтұрсынұлы тойына Торғайға Тоқаев барады екен еш сыбыс жоқ. Бұрынғы президент Алаш жайлы, Алаш арыстары жайлы өзі де айтпады, өзгені де тұсады, ал дәл Кемел Тоқаевтай жазушының баласының Байтұрсынұлының өз халқына, тұтас түркі жұртына жасаған еңбегін, сол жолда жанын бергенін ...

Толығырақ »

Қостанай облысына неге Ахаң есімі берілмеске?..

Енді аз күндерден кейін қарсы алатын 2022 жыл — Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жылы, туғанына 150 жыл толмақшы. Ұлы тұлғаның мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталатынына халық дән риза. Үкімет қаулысына сәйкес, атқарылатын жұмыстарды да ақпарат құралдары арқылы танысып отырмыз. Тарих тұрғысынан қарағанда, Тәуелсіздік алғанына 30 жыл ғана болған жас мемлекетті әлемге таныту мақсатындағы жұмыстар — сол мемлекетті құру барысында қиямет-қайымды басынан ...

Толығырақ »

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі басталды

Алматыда Алаш ардақтысы, аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, публицист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Түсірілім тобын режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмырзин басқарады. Нұрмұхамбетов Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) «Ореховое дерево» фильмі үшін «Жаңа ағым» номинациясында бас жүлдені жеңіп алған. Режиссердің соңғы картинасы «Конокрады. Дороги времени» Францияда ...

Толығырақ »

Алтын қолды абзал адам

Марат аға! Бұл сәби күннен санада сақталған, жүректе жатталған, аса құрметпен аталар есім еді. Марат ағаның отпускіге келуі – Көкалат үшін тосын мереке іспетті еді. Елдің бәрі сыйлы мейманды қонаққа шақыруға кезекке тұрар еді. Апам әулеттің қыздарының ауылдағы үлкені болғасын, алдыңғы кезек біздің үйге тиер еді. Сол күні тәтелерім үйдің кішкентайы мені жуындырып, киіндіріп, жұтындырып қояр еді. Әдетте өзіне меншіктеп, ...

Толығырақ »

Еңбек ардагері Әлімжан Хамилин 80 жасқа толды

Бүгін есімі Тобыл-Торғай жұртына етене таныс еңбек ардагері Әлімжан Хамилиннің туған күні. Саналы ғұмырын экономика саласына арнаған Әлекең сексеннің сеңгіріне сергек шығып отыр. Құтты болсын айтамыз! Әлімжан Хамилин 1939 жылы Қостанай облысы Жанкелдин ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында туған. 1958 жылы осы аудандағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген. Алматыдағы Халық шаруашылығы институтын экономика мамандығы бойынша аяқтаған ол, Торғайда банк саласында, аудандық ...

Толығырақ »

Қостанайлықтар Ғафу ақынды еске алды

Қостанайдағы І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында аса көрнекті ақын Ғафу Қайырбековті 90 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші өтті. Жиналғандарға ақын туралы деректі фильм көрсетілді. Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов ақынның туғанына 90 жыл толуына байланысты шаралар оның туған жерінде кеңінен аталып өткенін айтты. «Ғафу ақынның туғанына 90 жыл толуына арналған үлкен іс-шара Астанада өтті. Туған жері де ...

Толығырақ »