Monthly Archives: ақпан 2017

Биыл «Кейкі батыр» тарихи монографиясы жарық көреді

Ағымдағы жылы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс қолбасшысы Кейкі батырға арналған тарихи монография жарық көреді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті  деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет пен ұлттық тарихымыз үшін 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың қолбасшысы Кейкі батырдың бас сүйегінің тарихи отанына қайтарылуы айтулы оқиғалардың бірі болды. Ол ғасыр бойы Санкт-Петербургтегі Ресей ғылым академиясының Антрополоия және ...

Толығырақ »

Үкімет басшысы «Kazakh Invest» ҰК директорлар кеңесін басқарады

ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев инвестициялар жөніндегі «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы директорлар кеңесін басқарады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл ұлттық компанияның деңгейі жоғары болады. Инвесторлар тікелей министрлерге жолығуға мүмкіндік алады, сонымен қатар, келісімдерге қол қою бағытында Үкімет басшысына да өздерінің ұсыныстарын айта алады. Осы ...

Толығырақ »

Әріптесіміз жүлдегер атанды

Әріптесіміз — «Тобыл-Торғай» сайтының Ақылдастар алқасының мүшесі, «Нұрлы таң» газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Сорос Қазақстан» қорымен бірлесіп «Бюджет ашықтығы мен есептілігі» жобасы аясында ұйымдастырған «Мемлекеттік ашық бюджет» байқауына қатысып, «Үздік үйлесім» номинациясы бойынша марапатталды. Сондай-ақ облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Кенже Қонысбай «Үздік сарап» аталымына ие болды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! tobyl-torgai.kz

Толығырақ »

Қостанай облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері парамен ұсталды

Қостанай облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 3 миллион теңге парамен ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы — Экономикалық тергеулер қызметінің жедел басқару аға офицері С.Козбаков әшкереленді» деп хабарлады ведмоствоның баспасөз қызметіндегілер. «С.Козбаковтың Қостанай адвокаттары алқасының адвокаты ...

Толығырақ »

Елімізде ет бағасы неге қымбаттап кетті?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстанда ет бағасының өсіп кетуі елдегі ауа райының қолайсыздығынан болды деп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Меніңше, ет бағасы күрт өсті. Біріншіден, сұраныс артты, одан кейін ауа райы әсер етті. Боран болды. Көтерме базарларда ет жетіспеген кезде саудагерлер бағаны көтереді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бағаны көтермейді, көтеретін алып-сатарлар» деді Қ.Айтуғанов Сенат депутаттарымен кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап ...

Толығырақ »

Елордада Геннадий Головкиннің 5 метрлік суреті пайда болды

Қазақстанның Street Workout федерациясы Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасында күтіліп отырған жекпе-жекке қатысты 5 метрлік картинаны салды. Онда қазақстандық боксшының 3-раундтың 15-секундында америкалықты нокаутқа жіберген сәті бейнеленген деп xабарлайды ҚазАқпарат. Сурет Астанадағы спорт залдарының бірінің қабырғасына салынды. «Біздің федерация осындай ерекше әдіспен Головкинді Джейкобспен болатын кездесуі алдында қолдағысы келді. Біз оның жеңісіне сенеміз және Головкиннің өз салмағында ең үздік ...

Толығырақ »

Қазақстандықтарды қандай сынақ күтіп тұр?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғам өкілдерімен, зиялы қауыммен және саяси қайраткерлермен кездесті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында халыққа өзекті болып отырған әрі конституциялық реформаларға, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым мен білім беру, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ, өткізіліп жатқан жекешелендіруге байланысты экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің күрделі 25 жылын ...

Толығырақ »

Б.Сағынтаев EXPO көрмесіне қатысты сынға жауап берді

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев EXPO-2017 көрмесін өткізуге көп қаражаттың жұмсалып жатқанына қатысты сынға жауап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Алда үш ай EXPO көрмесін өткізу керек. Мен түсініп отырмын, адамдардың көпшілігі неліктен сонша қаражаттың жұмсалғанын түсінбей жатады. 13 миллиард теңге бар, оның ішінде Алматыдағы Универсиада ойындарын өткізу барысында үнемдеген 4 миллион теңге бар. Сол үнемдеуден Алматы туралы қандай әсер қалды? EXPO көрмесін ...

Толығырақ »

Аудандарда автодром мен ХҚКО-лар пайда болуы мүмкін

Қазақстанның аудан орталықтарында автодроммен бірге мамандандырылған ХҚКО-лар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Мемлекеттік автомобиль инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Иманбаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде ведомство «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясымен берлесе аудан орталықтарында мамандандырылған ХҚКО-ларды ашу мәселесін қарастыруда. «Аудан орталықтарында да мамандандырылған ХҚКО-лар қызметі жүзеге асырылғаннан кейін, әрине, тіркеу және ...

Толығырақ »

Дэниэл ДЖЕЙКОБС: Головкин менен қауіптенеді…

WBA тұжырымы бойынша Regular белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жектен не күтетінін айтып берді деп хабарлайды Vesti.kz сайты. «Ол өзін кез келгенге ұрғызып қояды дегенге сену ақымақтық болар еді. Дегенмен, ол алдыңғы қарсыластарынан менің мүлде басқа екенімді біледі, сондықтан қауіптенеді. Ол өзін ұрғызып қарап тұрмас, ал егер менімен жұдырықтасқанда қолыңды түсіріп қойсаң, ақымақ болғаның! Мен физикалық тұрғыда ең мықты күйде ...

Толығырақ »