Monthly Archives: ақпан 2017

Пара алған полицейлерге сот үкімі шыққанда әріптестері не үшін қол шапалақтаған?

Қостанайда пара алған полицейлерге сот үкімі шыққанда қол шапалақтаған әріптестерінің әрекетіне қызметтік тексеріс жүргізіледі деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық Ішкі істер департаментіндегілер жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Жергілікті полицияның басшысы, полиция полковнигі Негмет Ысмағұловтың айтуынша, бұл дерек офицерлермен және полицейлермен өтетін жиналыстар барысында талқыланатын болады. «Этикалық норманы бұзу мәселесін қарастыру үшін қызметтік ...

Толығырақ »

ҚР Орталық коммуникациялар қызметі брифингке жаңа формат енгізді

ҚР Орталық коммуникациялар қызметі өз жұмысында жаңа форматты енгізуді жалғастыруда. Бұл туралы директордың орынбасары-ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Әр дүйсенбі сайын біздің алаң Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және вице-премьердің, Парламент депутаттарының, өзге де мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өтетін шараларға шолу жасалынып, БАҚ өкілдерін құлақтандырып отырады» деді спикер. Мұрат Жұманбайдың айтуынша, БАҚ ...

Толығырақ »

Қостанайда пара алған полицейлерге сот үкімі шықты

 Қостанайдың №2 қалалық сотында пара алған полицейлерге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды «Наша газета» апталығы. Іс материалы бойынша, 2016 жылдың 23 маусымында «Рубеж» бақылау бекетінде жол-патрульдік полициясының екі қызметкері Арман Көпжасаров, Ермек Исанов және көші-қон полициясы қызметкері Алмат Кабенов күнбағыс майы тиелген КамАЗ жүк көліктері бекетте тұрып қалмауы үшін Дмитрий Штефановтан 7 000 теңге пара алған, дәл осы күні BMW X5 көлігінде мас күйде отырған ресейлік азаматтан жүргізуші ...

Толығырақ »

«Тәтем-ай» немесе қайран әкем!

Әкем Қорған Әмірхамзаұлының рухына бағыштаймын! Қазақстанның әр жерінде әкені «тәте» дейді екен. Мысалы, Жамбыл Жабаевты балалары «тәте» дегенін оқығаным бар. Бәлкім, бұл бұрынғы заманнан қалған атау ма екен? Олай дейтінім, украин халқында да әкесін «тато» деп айтады. Әкемізді «тәте» дейтінбіз, әрине, оқырмандарға түсінікті болу үшін әке деп алып отырмын, әйтпесе «әке» деп айту біртүрлі екен, негізі мен үшін үш-ақ «тәте» ...

Толығырақ »

«Демократия дерті»

Арғы атамыз Ебелек батыр батырлығымен қоса аңқаулау кісі болыпты. Марқұмның сөзге ергіштігі жанда жоқ екен. «Аттан» десе арқасы қозып, айқұлақтанып шыға келетін ақкөз батыр — ажалды да албырт мінезінен тауыпты. Жаздың қоңыр кешінде жайлауға жыршылар келіп, «Қобыланды батырды» тыңдап отырмай ма, жыр айтушы Қобыландының «қырық үш күндік» кемшілігіне қарамай тайбурылды мініп, Қараманды қуатын жеріне келгенде, жарықтық аруағы қозып, орнынан «Аттан!» ...

Толығырақ »

Қостанайда тұман болады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Тек республиканың батысы мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары. Синоптиктердің ақпары бойынша, Алматы, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал. Ал Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда көктайғақ болады. tobyl-torgai.kz

Толығырақ »

Қостанайда ескі көліктерді қабылдау жалғасып жатыр

Тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандыру бағдарламасына қостанайлықтар белсенді қатысып жатыр. Жобаның алғашқы кезеңінде облыс бойынша 500 дана көлік қабылдау жоспарланса, бұл меже 37% артығымен орындалған. Ескірген техникасын тапсырушылар легі әлі де толастар емес.  Александр Свиридецкий «ескі көлікті қабылдайды» деп естігенде, алғашында күмәнмен қарапты. Кейін көзі анық жеткесін бірден бағдарламаға қатысуға асығыпты. Сыралғы көлігін соңғы рет мініп, бүгін ол осында ...

Толығырақ »

Жолаушыларын «жасыл дәріге» «шомылдырып» жүрген жүргізуші ұсталды

Қостанайда жолақысын төлемегендердің бетін сұйық жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген такси жүргізушісін полиция ұстады. Қостанай облыстық ІІД жүргізушінің ұсталғандығын растады. «Такси жүргізушісінің үстінен бұзақылық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол айыбын мойындап, жауап берді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашарина. Еске сала кетсек, 10 ақпанда такси жүргізушісі болып істейтін ер адам Катя ...

Толығырақ »

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 2017 жылдың 11-13 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. «Қазгидромет» РМК өкілдерінің айтуларынша, Қазақстан аумақтарында антициклонның ықпалынан арктикалық ауа массалары келе бастады. Сондықтан демалыс күндері республиканың шығыс және оңтүстік аймақтарынан басқа, көптеген облысында  ауа райы суық болады деп күтіледі. Сондай-ақ синоптиктер шығыста сенбі күні қар жауып, боран соғып, екпінді соққан жел сақталатынын айтады. Ал ...

Толығырақ »

Конституцияға ұсынылған өзгерістер пысықталатын болды

Азаматтардың ұсынысынан кейін Конституцияға ұсынылған өзгерістер пысықталатын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін, 10 қаңтарда Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы болып өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бүкілхалықтық талқылаудың аралық қорытындысы талқыланды. «Қазақстан азаматтары Мемлекет басшысының бүкілхалықтық ...

Толығырақ »