Monthly Archives: шілде 2021

Қостанай облысында көлік құрастырудың әлеуеті артады

Қостанай облысында Lada автокөліктерінің барлық моделі шығарылып, сондай-ақ, КамАЗ жүк көлігінің жаңа үлгісі құрастырылмақ деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігінің өкілі Денис Пак Қостанай өңіріндегі өндірістік кооперацияның әлеуетін барлап көріпті. Үкіметтің баспасөз қызметі отандық зауытта көліктерге қажет шанақ өндірісінің технологиясы игеріліп жатқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, Роман Скляр КамАЗ компаниясының бас директорымен бірге жаңа ...

Толығырақ »

Халықтың 80%-ы қазақ тілінде ақпарат алғысы келеді – министр

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында министр Аида Балаева мемлекеттік органдарды қазақ тіліндегі ақпараттарға баса мән беруге шақырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға сәйкес, барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша анықталған уәкілетті тұлғалар осы мәселелерді бақылауда ұстауы тиіс. Демек, олардың тарапынан тиісті түрде мониторинг, үйлестіру және бақылау жүзеге асырылмайды. Бүгін мемлекеттік ...

Толығырақ »

Шабындығы өртенген Арқалықтың шаруалары шөпті көрші ауданнан тасуға мәжбүр

Қостанай облысында мал азығын әзірлеу науқаны кезінде күрделі мәселелер туындап тұр деп хабарлайды ЭК. Биыл Арқалық қаласына қарасты ауылдық округтерде өрт өте көп болды. Жаз басталғалы 10 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің шөбі түгел жанып кетті. «Дала өрті, әсіресе, Қайыңды, Жаңақала, Екідің, Ашутастының аумағында өршіді. Бұл елдімекендердің негізгі күнкөрісі төрт түлік. Шабындығы түгелімен өртеніп кеткен шаруашылықтар да бар. ...

Толығырақ »

«Вакцина алмаған студенттер сабаққа кіргізілмейді»: Қостанайдағы ЖОО мәтіннен қате кетті деп отыр

Биыл 9 шілдеде академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті өздерінің тарапынан жіберілген SMS тарату мәтінінде қате кеткенін растап отыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Осыған байланысты бүгін SMS таратуды қайта жіберу іске қосылды. «ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде бірінші ...

Толығырақ »

Қостанай облысында сібір жарасы өршіп кетті

Қостанай облысында Сібір жарасы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай туындады. Ірі мал бордақылау шаруашылықтарының бірінде малдар қырылып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы Людмила Налобина мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оның айтуынша, өлім себептерін анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында үш тұрғын ауруды жұқтырып алған. Науқастар қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Мамандардың ...

Толығырақ »

«Манделаның туған күні»: Қостанай академиясында полигон кешенінің салтанатты ашылуы өтті

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қылмыстық-атқару жүйесінің полигон кешенінің салтанатты ашылуы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Іс-шара апартеид кезінде адам құқықтары үшін күрескен белсенділердің ең танымалы Нельсон Манделаның туған күні қарсаңында жүзеге асырылды. Полигонның салтанатты ашылу рәсімі қылмыстық құқық және жазаны орындау кафедрасының тыңдаушылары, оқытушылары мен ардагерлерінің қатысуымен болды. Оқу орнының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Биекенов ...

Толығырақ »

Қостанай облысында тұрғындар сібір жарасын жұқтырып жатыр

Науқастар қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ЭК сайтына сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, жара адамдарға малдан жұққан. Қостанай облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада ірі шаруашылықтардың бірінде мал шығыны да бар екені айтылған. Эпидемиологтар мен мал дәрігерлері сібір жарасы қоздырғышының себебін білді. Алайда инфекция көзі әзірге анықталған жоқ. «Қазір жараны жұқтыру ошағында эпидемияға қарсы және ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Жангелдин ауданы әкімдігінің «Аудандық тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты семинар болып өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Семинардың басты мақсаты — Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыт-бағдарын түсіндіру.  Осы стратегиялық құжаттың сыбайлас ...

Толығырақ »

Қостанайда «Нұрлы жер» бойынша салынған тұрғын үйлер сапасыз болып шықты

Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйдің тұрғындары сапасыз пәтерлерге шағымданды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, kstnews.kz-ке сілтеме жасап. 2022 жылы үйлерге берілетін кепілдік аяқталуға жақын. Ал құрылыс салушы «Вахстрой» ЖШС әлі де жөндеу жұмыстарын жүргізбеген. №6 үйдің тұрғыны Виктория Иванова пәтер жалдаушылар бұл мәселені екінші жыл көтеріп келе жатқанын айтты. Олар әкімдікке хат та жазған, тұрғын үй қатынастары бөлімімен, құрылыс ...

Толығырақ »

Меңдіқара ауданының Ұзынағаш халқы қазақ мектебінің жабылуына қарсы (ВИДЕО)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ұзынағаш ауылының халқы қазақ мектебінің жабылуына қарсы, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Аtameken Business-ке сілтеме жасап. Жол азабына шыдамаған тұрғындар елді мекеннен жаппай көшіп жатыр. Енді мектеп жабылса, бұл ауылда шекараға жақын орналасқан басқа мекендер сияқты жойылып кету қаупі бар. Осылайша, Ресейдің іргесінде орналасқан ауылдың күйі қашқан…

Толығырақ »