ganibet

Кенжебектің күнделігі

Менің кешкісін күнде, тамақтанып болған соң, бой жазып қайту үшін аулаға шығатын әдетім бар. Сол әдетпен ауланы әрлі-бері кезіп, енді орындыққа отыра бергенімде, қоңыр түсті дәптер көзіме оттай басылды. Қағаз «кеміріп» үйреніп қалғандықтан ба, әлгі дәптерге еріксіз қол создым. Қолға алған соң, ішін ашып парақтайсың ғой?! Мен де сөйттім. Дәптер мұқабасына маржандай әріптермен «Күнделік. Иесі – Кенжебек Бекасылов, 8 «А» ...

Толығырақ »

Қобыланды қорымынан табылған қанжар қайда?!

Қазақ даласында Қарақыпшақ Қобыланды батыр есімімен аталып келе жатқан екі мазар бар. Бұл тарихи көне ескерткіштер «Қобыланды күмбезі» деп аталады. Біреуі Орталық Қазақстандағы Сарысу өзенінің бойында тұр. Қазақ даласында белгілі бір тарихи тұлғаның есімімен аталатын жерлер, бейіттер баршылық. Сондай-ақ, бір есіммен аталатын би, сері, батырлар жөніндегі деректер де аз емес. Оның бәрін жалғыз тұлғаға телуге болмайтынына өмір сүрген уақыты мен ...

Толығырақ »

Санкциялар салқыны бізге де тиіп жатыр…

АҚШ бастап, Еуропа елдері қостап, әлемнің  40-қа  таяу елінің солтүстік көршімізге салған санкцияларына, міне, 2 жыл толды. Осыған орай «сол санкциялар бізге не берді, неден ұттық, қай жерден ұтылдық?» деген заңды сұрақтар туатыны белгілі… Бәрін басынан бастасақ: 2014 жылы Қырымда «Зеленые человечки» немесе «Добрые люди» деген атауы бар белгілі Ресей құрылымдық күштерінің арнайы жасағы «бір кісілердің» тапсырмасы бойынша Қырымның ірі ...

Толығырақ »

Қостан ба? Қос тін бе? Қос Тана ма?..

Қостанай қаласы атауының шығуы жайлы түрлі аңыз-әңгімелер көп. Солардың бірі – Тобыл жағалауында Қос және Тана есімді егіз қыздың өмір сүргені туралы хикая. Бұл туралы жергілікті ақын Асылбек Шаяхметтің 1996 жылы Қостанай қаласынан шыққан «Пирамида» атты кітабында жазылды. Осыған орай, қаланың кіреберіс қақпасына аңызға арқау болған егіз қыздың мүсіні де орнатылған. Бірақ, Ақылбек ақын өз кітабында былай деп жазған: «Қостанай – ежелден ...

Толығырақ »

Қостанайда қазақ өнері қансырап тұр!

Тақырыпты бұлайша төтеннен қойсақ, ол бәле іздегендіктен емес. «Ауруын жасырған өледі» деген ғой, айтпасқа амал жоқ. Қостанай облысында соңғы жылдары қазақтың ұлттық өнері, мәдениеті  үнемі шетқақпай көріп келеді.  Сөзіміз дәйексіз болмас үшін неліктен бұлай дегенімізді тарқатып көрейік. Теріскей шекараға таяу, халқының дені өзге тілде сөйлейтін, көп ұлысты облыста соңғы он жылдан бері ұлттық өнерді дәріптейтін республикалық, халықаралық деңгейдегі бірде бір ...

Толығырақ »

Архимед МҰХАМБЕТОВ, Қостанай облысының әкімі: Өңірде 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Брифинг барысында облыс басшысы Қостанайда Тобыл өзені арқылы өтетін көпір жыл соңына дейін жөнделіп бітетінін мәлімдеді. «Тобыл өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмысы – күн тәртібіндегі күрделі мәселе. Көпір Қостанай қаласының Таран көшесімен Тобыл өзені арқылы өтетіндей жөнделіп жатыр. Бұл – қаламызды ...

Толығырақ »

Оспан хан мен Қасымхан сардар

Тәуелсіздік! Осынау бірауыз ғана сөзде қаншама қадір-қасиет тұр десеңізші. Бір ғана сөзде бүтін бір ұлттың талайлы тағдыры, бірнеше ғасырға созылған жанкешті күресі, төгілген қаны мен тарихтың керуен-көшіндегі соқтықпалы ұзақ жолы жатыр… Сондықтан азаттық бастауларының басты бір саласы, негізгі бір тұтқасы 1916 жыл туралы, осы жылдың күні бүгінге дейін белгісіз болып келген айтулы тұлғалары хақында қолда бар азды-көпті деректер негізінде ой ...

Толығырақ »

Кедейміз!.. Басқа не дейміз?!

 Жасырып-жабатындай емес, кез келген қоғам қара мен төреден құралған. Жердің беті – ала-құла, бар мен жоқ. Шерағаңша айтқанда, «бір кем дүние»! Мысалы, Еуропа статистика қызметі ЕО-ға мүше 27 ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайын сарапқа салып көргенде, дені айлығынан шайлығын әзер айырып отырғандар болып шықты. Ең кедей халық Болгарияда тұрады (49,1 пайыз). Одан кейінгі ретпен Румыния, Латвия (40 пайыз), Литва (33 пайыз), ...

Толығырақ »

ҚОБЫЗ-АБЫЗ туралы аңыз

  Халық аңызына қарағанда, қобыз аспабын Қорқыт ата жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан болып шығады. Оның қобызды ойлап табуы жөнінде ел арасына кеңінен тараған бір тәмсіл бар. Онда былай делінеді… «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін ...

Толығырақ »

Парламент… Папуас… Тегін пәтер…

Түс әлетінде әдеттегіше қалалық телеарнаның эфирінен екі байға тиіп, төрт бала тапқан танымал тележұлдыздың қыз кезіндегі концертін көрші-көлем түгел жиналып көріп отырған-тын. Жылан жорғалағандай жыбыр-жыбыр өтіп жатқан жүгіртпе жолдағы «кескін-келбеті қазаққа ұқсамайтын, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген жандарды болашағы жарқын жұмысқа шақырамыз» деген жып-жылы жарнама Ақыштың көзіне оттай басылды. «Мына құрғырлар көріп қойған жоқ па екен» деген күдікпен көзінің астымен көршілерін ...

Толығырақ »