Таспа

Табыс

Елімізде жұмысшы мамандығын қалай тегін меңгеруге болады?

Биыл 21 мың қазақстандық азамат жұмысшы мамандықтарын алу құқығын іске асыра алады. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 2017 жылдың ерекшеліктерінің бірі — биыл ниет білдірген әрбір Қазақстан азаматына жұмыс мамандығын тегін оқу мүмкіндігін беретін Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің жаңа бағдарламасының іске асырыла бастауында. Бұл бағдарламаны ҚР ...

Толығырақ »

Толғауы тоқсан туризм

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы №508 Қаулысымен бекітілген еліміздегі туристік саланы дамытудың 2020 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын ашып қарасаңыз, туризмнің дамуы бойынша республикада тоғызыншы орын алатын Қостанай облысы туралы еш мағлұмат жоқ. Бұл нені білдіреді? Бұдан, облысты айтпағанның өзінде, республика деңгейінде Қостанай өңірінің туризміне жеткілікті көңіл бөлінбей отырғанын байқаймыз. Ал халқының саны 1 млн адамға таяу аймақта туристер үшін ...

Толығырақ »

Оза шауып, бәйге алған!

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ашылғанына 1 жыл ғана болған біздің «TOBYL-TORGAI.KZ» сайты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Мемлекеттік Тілді Дамыту Қоры бірлесіп ұйымдастырған «Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы байқауы» бойынша «Шынайы өмір» аталымының жеңімпазы болып танылды. Сонымен қатар дипломмен марапатталып, сайт ұжымына қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт ретінде 300 000 теңгеге ақшалай сертификаты қоса берілді. Ұйымдастырушыларға ...

Толығырақ »

«Қолмен жұмыс жасайтындардың олимпиадасы» немесе қазақ балалары арасынан әйдік аспаз шықса, айып па?

Кеше елордадағы Оқушылар сарайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен World Skills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында техникалық мамандықтардың әлеуетін арттыру және жалпы ұлттық еңбек қоғамын қалыптастыруға қатысты берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынған шараның өз ерекшелігімен есте қалатыны анық. Еліміздің 16 аймағынан елорда төріне жиналған 140 байғау қатысушысы чемпионатта ...

Толығырақ »

Кәсіпкерлерді қолдауға арналған көрме

Отандық кәсіпорындар шығарған құрылыс материалдары мен қаланы абаттандыруға арналған бұйымдар шетелдіктерден кем түспейді. Тек оларға танымалдылық пен қолдау қажет. Осы мақсатта Қостанайда ерекше көрме ұйымдастырылды. Көрмеде құрылыс материалдары мен ойын алаңқайларын, сәулет, спорт бұйымдарын жасайтын 22 кәсіпорынның өнімдері жұртшылық назарына ұсынылды. Олардың ішінде Қостанайдан бөлек Қарағанды, Ақмола облыстарынан келген тауар өндіруші компаниялардың өкілдері бар. Айта кету керек, биыл Қостанай облысының ...

Толығырақ »

Кәсіпкерлерді ынталандыратын келісім

Қостанайда «Еуразиялық группа» ЖШС, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыс әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжатта аймақта әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және шағын кәсіпкерлікті несиелендіру туралы келісімдер қамтылған. Меморандумға сәйкес, «Еуразиялық группа» серіктестігі көлемі 18 мың шаршы метр болатын 5 көпқабатты тұрғын үй салады. Бұл нысандар Рудный, Лисаков қалалары мен Қашар кентінде бой көтереді. Жергілікті биліктің міндеті құрлыс ...

Толығырақ »

Моншақтан мүсін жасайды

«Моншақтан мүсін жасайтын шебер Рудный қаласында тұрады. Оның қолынан шыққан кәдесыйлар еріксіз таңдай қақтырады әрі кеншілер кентінде кеңінен сұранысқа ие» деген хабар құлаққа тиісімен қолөнершіні іздей бастадық. Қостанай облысы үшін таңсық өнерді өрістеткен Бақтыбай Кенжеғұловты табу қиынға түскен жоқ. Телефонмен тілдесіп, іле кездесу күнін белгіледік. Бәкең ісмерлігімен қоса айтары бар, байыпты жан болып шықты. «Мұқтаждық мың өнердің анасы», Бақтыбай Кенжеғұловтың ...

Толығырақ »

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»

  Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен ...

Толығырақ »