Таспа

Қостанай облысында малдардан бруцеллез ауруы анықталған

Қостанай облысында бруцеллез ауруы тіркелді, деп хабарлайды Agroqogam салалық порталына сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Ұзынкөл ауданында, атап айтқанда, «Тойсай» ЖШС-да жоспарлы зерттеулер барысында бруцеллезге оң әсер еткен 20 бас мал анықталды. Ал 72 бас қан сараптамасында күмәнді нәтиже көрсетті, — дейді Қостанай облысы бойынша ветеринарлық басқарма басшысының орынбасары Айнагүл Көшубенова. Оның айтуынша, сараптамасы оң шыққан жануар арнайы белгі қоюға тапсырылған. Материал ...

Толығырақ »

Қостанай су басу қаупі жоғары өңірлердің қатарына кірді

«Қазгидромет» РМК гидрологиялық болжамына сәйкес, наурыз айында еліміздің он өңірін су басу қаупі жоғары, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Мамандардың сөзінше, тәуекелдері жоғары өңірлер – Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары. «Қазгидромет» тау өзендерінің жағдайын ерекше назарға алып отыр. Ақпан айында температураның жоғарылауы және қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы ...

Толығырақ »

«Әкесіне тартқан»: Әулиекөлде бойы 2 метрден асатын қыз тұрады

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында тұратын Аружан Ишанбекова – Қазақстандағы ең бойшаң арулардың бірі. 17 жастағы студенттің бойы екі метрден асады. 8 наурыз мерекесі қарсаңында Аружан анасымен бірге осы ерекшелігі туралы NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Аружан колледжде «Дене шынықтыру» мамандығында 2-курста оқиды. Айтуынша, бойы соңғы рет өлшегенінде 2,2 метр болған. Сондай-ақ ол Әулиекөлде волонтерлікпен айналысады. Айтуынша, ерікті ретінде ...

Толығырақ »

Қостанайда зейнеткерді қатыгездікпен өлтіріп, өртеп жіберген

Қостанайда 76 жастағы қарт әжені аса қатыгездікпен өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Оқиға 23 ақпан күні қала маңындағы «Мичурино» ауылында болған. Сағат 21: 00 шамасында 102 пультіне Дачная көшесіндегі үйдің өрті туралы хабарлама келіп түсті, өртті сөндіру барысында зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар 76 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі – кісі өлтіру бойынша тіркелді, — ...

Толығырақ »

Қостанайда А. Байтұрсынов атындағы өңірлік университет өртенді (ФОТО)

Қостанайда университет ғимаратынан өрт шығып, студенттер эвакуацияланды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Желіде эвакуация сәті түсірілген видео пайда болды. Тәуелсіздік көшесінде орналасқан Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ғимаратындағы кеңселердің бірінде кеңсе техникасы өртенгені белгілі болды. 7-қабатта оқу бөлмесінде кеңсе техникасы өртеніп, 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртсөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан соң жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Барлығы өртті сөндіруге жеке ...

Толығырақ »

Қостанайдағы әжелер ойын-сауық орталығы әкімшілігімен арадағы дау неден туындағанын айтты

Қостанайда  кимешек киген әжелерді ойын- сауық орталығы күзетшісі  іште ұлттық киіммен жүруге болмайтынын айтып, сыртқа қуған еді. Бұл жағдай көпшіліктің ашуына тиіп, тіпті  орталық басшысын, әкімшісін жауапқа тарту керек деген бастамаларға ұласып жатты. KYN.KZ  сайтына хабарласқан әжейлер өздерінің кім екенін, неге қуылғандарын баяндап берген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оқи отырыңыз: Қостанайда ұлттық киім киген әжелерді ойын-сауық орталығынан қуып шыққан (ВИДЕО) Біз Қостанайда ...

Толығырақ »

Қостанайда бұралқы иттер студент қызды талай жаздаған

Қостанайда бұралқы иттер жас қызға тап берді, деп хабарлады Алау порталы. Мен үйреншікті жолмен оқуға бара жатқанмын. Бұл иттерді бұрын да көрдім, бірақ олар маған тиіспейтін. Бұл жолы не көрінгенін, не себепті ашуланғанын білмеймін. Алдымен біреуі жүгіріп келіп, үре бастады, содан кейін екіншісі келді, — дейді Даяна Брыкова. Оның айтуынша, Тұрмыстық сервис колледжінің маңы, Абай көшесінің бойындағы жерге әдетте 10 шақты бұралқы ...

Толығырақ »

Қостанайда ұлттық киім киген әжелерді ойын-сауық орталығынан қуып шыққан (ВИДЕО)

Қостанайда он шақты әжей кимешек киіп, ойын-сауық орталығына барған.  Үшінші қабатқа көтерілген кезде олардың алдынан күзетші шығып, орталықтан шығып кетулерін сұрайды, деп жазды KYN.KZ. Видеодан анық көрінгені күзетші орталықтың әкімшісінен рұқсат сұраулары керек екенін түсіндіріп тұр. Ал, апалар болса «Киімімізге не болыпты, елдің бәрі қалағанын киіп жүр ғой» деп өз уәждерін айтып жатыр. Видеодан әжейлер бір-біріне «өлең айтпаңдар» деп жатыр. ...

Толығырақ »

Қостанайлық шаруаларға жер жетпей жатыр

Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, өңірде 1,3 млн га жайылым бар. Бұл жер қосалқы үй шаруашылықтарындағы мал жаюға пайдаланылып отыр. Бұл жер көлемі жетпейді, тапшылық 1 млн га., деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Аудан әкімдіктері осы мәселені шешу үшін 2022 жылы мемлекеттік қордағы 527,9 мың га жерді халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың жеке ауласын күтіп ұстау бойынша резервте қалдыру жұмыстарын жүргізді, – дейді облыс ...

Толығырақ »

Қостанай облысында ер адамды өз туысы өлтіріп кеткен

Қостанай облысында 40 жастағы ер адамды өз туысы өлтіріп кеткен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 18 ақпанда болған. Таңғы сағатт 5.00 шамасында бас жарақатымен 40 жастағы ер адам аудандық ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Белгілі болғандай, сол күні оның 23 жастағы алыс туысы жәбірленушіге қонаққа келген. Олардың арасында жанжал туындап, соның салдарынан ауыр жарақат алған 40 ...

Толығырақ »