Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 14 адам мен 4 техниканы қар құрсауынан шығарды деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. «Арқалық — Ашутасты» жолында 11 жолаушы мінген PAZ рейстік автобусы қар құрсауында қалды. Оның ішінде 5 әйел болған. «Жедел-құтқару жасағының күшімен тоқтап қалған автобус тазартылған жолға шығарылды. Боран салдарынан Арқалық қаласына қарай өтетін жолды қар басып қалған. Сондықтан автобус Ашутасты ...
Толығырақ »Таспа
«МЫҢ АЛҒЫС» қайырымдылық акциясы
«Қазақстан» РТРК АҚ құрамына кіретін «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС «МЫҢ АЛҒЫС» атты қайырымдылық шарасының аясында 2019 жылдың 11-28 ақпан аралығында өтетін «Қайырымдылықтан қалыс қалма! Алғысқа бөлен!» радио-видеомарафонын бастап кетті. Осы аралықта «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігіне қарасты «SHALQAR», «ASTANA», «CLASSIC» және «QAZAQ RADIOSY» радиоларының эфирлеріне еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары және меценаттар шақырылып, адамның бойындағы ең асыл қасиеттерінің бірі- қайырымдылық туралы ойлары ...
Толығырақ »Қостанай дүкендерінде сапасыз азық-түлік сатылып келген
Қостанай облысында дүкен сөрелеріндегі өнімдердің арасында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы ең көп құс еттерінде анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дүкендердегі тауарлардың техникалық регламенттерге сәйкестігіне мониторинг жүргізді. «Ай сайын өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жасалады. Мысалы, былтыр тамақ өнімдерінің және азықтық емес тауарлардың 3579 сынамасы сатып алынды. Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша олардың 306-сы немесе ...
Толығырақ »Қостанайлықтар «Үйленуге» шақырады
Гогольдің көрерменін күлкіге көміп, күлдіре отырып «күйдіретін» «Үйленуін» таныстырып жату артық. Қоғамның келбетін әжуамен әшкерелеген шығарманың құдыреті – қанша рет қойылса да, халықты жалықтырған емес. Оның себебі, туынды нысанаға алған тақырыптың маңыздылығында. Баршаны ынтық еткен осынау спектакльді І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры да сахналады. Режиссері — театрдың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан. Таныс та бейтаныс «Үйлену» қостанайлық өнерпаздардың сомдауында ...
Толығырақ »Қостанайдағы жеке тұрғын үйде өрт болды
Қостанайда жеке тұрғын үйде болған өрт 1941 жылы туған әйелдің өмірін жалмады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға Қостанай қаласындағы М.Хакімжанова көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. «30 шаршы метрлік ауқымда үйдің едені, қабырғасы, төбесі отқа оранған. Өртті сөндіру 19.50-де басталып, 22.04-те ауыздықталды. Оқиға орнынан 1941 жылғы әйелдің мүрдесі табылды», — делінген хабарламада. Өрттің нақты себептері ...
Толығырақ »Қостанай облысында психологиялық қолдау орталығы ашылды
Қостанайда елімізде баламасы жоқ психологиялық және қосымша білім беру өңірлік орталығы ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін облыстық Білім басқармасының басшысы Құсайын Кәткенов тілшілерді орталықтың жұмыс барысымен таныстырды. Бұл жобаның жүзеге асырылуына облыс бюджетінен 54 млн теңге бөлінген. Орталық басшысы Елена Петренконың айтуынша, қосымша білім беруді дамыту орталығы еліміз бойынша тұңғыш рет ашылып отыр. «Басты мақсатымыз — балалар үшін психологиялық көмектің ...
Толығырақ »Мәжіліс депутаттары Қарабалық ауданына барды
Парламент Мәжілісінің депутаттары Арман Қожахметов, Снежанна Имашева, Ольга Шишигина, Құралай Қарекен Қарабалық ауданына жұмыс сапарымен барды. Халық қалаулылары еліміз бойынша ең ірі мал бордақылау алаңы бар «Астық индустриясы» агрохолдингінің тыныс-тіршілігімен танысты деп хабарлайды egemen.kz. Айта кету керек, бүгінде бұл ірі серіктестікке бірнеше кәсіп нысаны кіреді. Сонын бірі — «Терра» ЖШС мал бордақылау алаңы. 2011 жылы алғаш рет Аустралия елінің «Абердин – ангус» тұқымын ...
Толығырақ »Қостанай қаласының әкімі есеп берді
Қостанай қаласының жаңа әкімі Қайрат Ахметов бұл лауазымға ақпан айының 1-де ғана тағайындалған болатын. «Өткелде ат ауыстырмайды» дегенмен, қаланың бұрынғы әкімі денсаулығына байланысты өз өтініші бойынша қызметтен кеткен. Сонымен, жаңа әкім қызметке келе сала үш күннен кейін қала тұрғындары алдында есеп берді. Қостанай қаласы — облыс орталығы ғана емес, өңір экономикасын алға сүйрейтін өндірістердің де шоғырланған орны. Есепті жылы қала ...
Толығырақ »«Тобыл» футбол клубы: футболшыларды сатып алмаймыз!
«Тобыл» футбол клубы легионерлерге жұмсалған қыруар қаржыны жоққа шығарды. Клуб директоры Николай Паниннің айтуынша, ойыншылардың ауыс-түйісі туралы БАҚ-та жазылған ақпараттардың дені шындыққа жанаспайды деп хабарлайды ҚазАқпарат «Тобыл» ФК-ның сайтына сілтеме жасап. Жыл сайын мемлекет қаржысынан еліміздегі футбол командаларына қаржы бөлінетіні рас. Және ол команданың жетістіктерге жетуіне септігін тигізетіні сөзсіз. Айта кету керек, көптеген маман өткен жылғы «Тобылдың» жетістігін қаржылық жағдайлармен байланыстырды, сонымен ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов: Жерді тиімді пайдалана алмағандар мемлекетке қайтаруы керек
Облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы өткен жылы жер заңнамасын бұзуға қатысты 231 деректі анықтаған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде аталған басқарманың басшысы Нұржан Әбдуов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Инспекторлар тарапынан әкімшілік жазалау ретінде 21,3 млн теңгенің айыппұлы салынған. Тексеру негізінен ауыл шаруашылық бағытына және коммерциялық нысандарға құрылыстың салынбауына қатысты жүргізілген. Нұрлан Әбдуов айтқандай, өңірде мемлекет меншігіндегі ...
Толығырақ »