Таспа

Абылай Маудановтың «Әбдіғапар» драмасы жүлдеге ие болды

Жерлесіміз — белгілі ақын, талантты қаламгер Абылай Мауданов «Нұр Отан» партиясының Жазушылар одағымен бірігіп ұйымдастырған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауынан жүлделі болды. Конкурстың «Драматургия, көркем фильмдер мен телесериалдар сценариі» аталымында автор «Әбдіғапар» драмалық туындысымен 3-орынды иеленді.  Әріптесімізге құтты болсын деген тілек айтамыз! tobyl-torgai.kz     Өткен жылдың соңында Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына тың серпін бергені белгілі. ...

Толығырақ »

Қостанай облысының әкіміне қояр сұрағыңыз бар ма?

Биыл 22 ақпанда Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің халық алдында есеп беруіне арналған қорытынды кездесуі өтеді. Есеп беру кездесуіне дайындық шеңберінде облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылады. Сұрақтар мен ұсыныстар 1 ақпанға дейін қабылданады: әкімнің blogs.egov.kz блогына, 8 (7142) 575-057 телефон бойынша, 917 тегін нөмірге SMS-хабарлама арқылы (Beeline байланыс операторы). Сондай-ақ оларды жабаша түрде Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66 мекен жайына ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, сондай-ақ Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың  баспасөз қызметі хабарлады. Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру үшін шаралар қабылдаудың маңызды екенін атап өтті. – Қостанай облысының макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсу қарқыны сақталып отыр. 2017 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 8,3 ...

Толығырақ »

Қостанайда 33 нысан жекенің қолына өтті

Жекешелендіру аясында Қостанай облысында 33 нысан сатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Мейрамхан Ержановқа сілтеме жасап хабарлайды. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бекітілген тапсырмасына сәйкес, елімізде жекешелендіру шарасы жүзеге асырылғаны белгілі. Шағын және орта кәсіпкерліктің тірлігін оңтайландыруға бағытталған науқан Қостанай өңірінде белгіленген мерзімнен ерте аяқталды. «Жекешелендіру бағдарламасы аясында сырттан қаржы тартылып, экономика өркендейді. Нарықта әділ бәсекелестік ...

Толығырақ »

Қостанайдың экс-әкімі бостандық сұрайды

Қостанайдың бұрынғы әкімі, қазір жазасын өтеп жатқан Ахмедбек Ахметжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтініш түсірді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.  «2018 жылдың 20 желтоқсаны күні Қостанай қаласының №2 сотына сотталған А.М. Ахметжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтініш білдірді. Сот отырысы 2019 жылғы 18 қаңтар күні 10:00-де «УК-161/11» мекемесінен онлайн-видео режимінде сот залында өтеді» деп ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жезөкшелікпен айналысқан 15 бойжеткен ұсталды

Қостанайлық тәртіп сақшылары облыс орталығы мен Рудный қаласында жезөкшелікке тарту деректерін анықтады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қостанай облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығы мен Рудный қаласында заңсыз іс-әрекет жүргізіп отырған тай массажы салондарының қызметін тоқтатты. «Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қостанай қаласының 30 жастағы және 35 жастағы тұрғындары ұсталды. Тәртіп сақшылары бұл ...

Толығырақ »

Білім мекемелерінің басшылары ата-аналар алдында есеп береді

Жиналыс барысында бюджет қаражатын игеру және бөлу жолдары қарастырылады  Жиналыс барысында қаражатты бөлу, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және тамақтандыру мәселелері бойынша жұмыстың атқарылуы жөнінде есеп беріледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Қалалық білім беру ұйымдарында, оның ішінде балабақшалар, мектептер мен колледждерде оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша ата-аналар жиналыстарын өткізу басталды. «Жиналыс барысында білім беру ұйымдарының басшылары тарапынан бюджет қаражатын игеру және бөлу туралы есебі ...

Толығырақ »

Биылдан бастап 1-сынып оқушылары информатика пәнін оқиды

2019 жылдан бастап 1-сынып оқушыларына информатика пәні оқытылады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2017-2019 жылдары барлық мектепті кең жолақты интернетке тегін қосуға  қаржы қарастырылған. Бұл ретте кейбір өңірлерде мектептердің кабельдік интернетке қосылмауына байланысты 2017 жылы 2756 мектеп, 2018 жылы 460 мектеп спутник байланысы арқылы интернетпен қамтамасыз етілді. Білім беруді цифрландыру аясында мектептердің 95 пайызы интернетке қосылатын болады» деп айтқан болатын Білім ...

Толығырақ »

Қостанай облысында қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылды

Қостанай қаласының іргесіндегі Затобол кентінде облыстағы алғашқы қоқыс өңдейтін заманауи зауыт пайдалануға берілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі egemen.kz-ке сілтеме жасап. Жылына 40 мың тонна қоқысты іріктеп, өңдейтін зауыт үш ауысымдық жұмыс күніне көшкенде, жылына 120 мың тонна қоқыс өңдеп, игере алатын көрінеді. «EKO SITI KZ» ЖШС директоры Жандос Жақсыбаевтың айтуына қарағанда, зауыт толық қуатына үш сатылап қосылатын болады. Әзірге кәсіпорынның ...

Толығырақ »

Алматы-Қостанай бағытында қосымша пойыздар қатынайды

Алматы-2 — Қостанай бағытындағы №179/180 жедел пойызына қосымша рейстер ашылады деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мереке қарсаңында жолаушылардың көп болуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша рейстің сапарға шығатыны туралы айтты. «Пойыз Алматы-2 стансасынан 2018 жылғы 26, 30 және 31 желтоқсан күндері шығады. Ал Қостанай стансасынан 2018 жылғы 27, 31 желтоқсан және 2019 жылғы 1 қаңтар күндері жүреді. Пойыз билеттері барлық сату нүктелерінде ...

Толығырақ »