Қостанай облысының Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңге болатын 138 іс-шарадан тұрады. Бүгінде ол мүдделі мемлекеттік органдармен ...
Толығырақ »Tag Archives: Жангелдин ауданы
Жангелдин ауданының Шилі ауылынан ши шықты
2020 жылы Жанкелдин ауданы Шилі ауылының сыртындағы бөгетке күрделі жөндеу жүргізілген еді. Оған қазынадан 194 миллионға жуық қаржы бөлінді. Бірақ салынғанына көп уақыт өтпеген сол тоған келесі көктемдегі қарғын суға шыдас берген жоқ. Ел арасында, әсіресе, ғаламторда, әлеуметтік желіде бөгеттің сапасыз салынғаны туралы ақпарат кең тарап кетті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап. Былтыр құзырлы органдар осы мәселеге ...
Толығырақ »«Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды»: Жангелдин ауданында 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған
Қостанай облысы Жангелдин ауданында 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры Дидар Смағұлов өзінің facebook-парақшасында жазды. «Қостанай облысында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға бөлінген 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланды! Достар, әзілді қоя тұрайық! 600 мың теңгеге салынған ағаш дәретхана тек бастамасы болды! Сарапшылар Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ...
Толығырақ »Торғай өңірін түлетудің төте жолы – инвестиция тарту: Арқалықта бизнес-форум өтті
Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарының экономикасы негізінен мал шаруашылығына негізделген. Арқалықта өнеркәсіп енді қолға алына бастаса, жоғарыда аталған қос ауданда өндіріс атаулы тіптен жоқ. Сондықтан да облыстан қашық орналасқан аудандардың инфрақұрылымы сын көтермей, әлеуметтің де әлеуеті тұралап, мұғалім, дәрігер сынды дәстүрлі мамандық иелері болмаса, жастардың дені екі қолға бір күрек іздеп, үлкен қалаларға сабылып ...
Толығырақ »Торғайда ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған
Қостанай облысында далада ағаштан дәретхана салуға 600 мың теңге жұмсалған. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында далада орналасқан дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған. Дидар Смағұлов «бағалы» дәретхананың фотосын жариялап, қысқаша жазба қалдырды. Автор бұл соманың қалай шыққанын шамамен есептеп көрсетті: 1. Ағаштан жасалған қоршау: ...
Толығырақ »Торғайда 200 млн теңгеге салынған бөгет 2 жылда бұзылды (ВИДЕО)
Екі жыл бұрын республикалық бюджеттен 194 млн теңге бөлініп, қолданысқа берілген бөгет бұзылып жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап. Бөгет құрылысын Шилі ауылының халқы 30 жыл бойы күткен. Енді пайдасы болмай тұр. Жаңа бөгеттің тереңдігі бір метрге жетпейтіндіктен су әр жерде шалшық болып қалған. Күннен-күнге бетонды блоктардың астымен із тауып ағып жатыр. Қалғаны күзге дейін тартылып қалуы әбден мүмкін. ...
Толығырақ »Торғайдың болашағы – туризмде
Қостанай облысының Жанкелдин ауданы өңір аймағының 19 процентін құрайды. Жеріміздің үлкендегі оның ланшафтының әралуандылығына, жануарлар мен құстар әлемінің көптүрлілігіне алып келеді. Бұл ретте, аймақты дамытудың драйверлерінің бірі туризм десек артық айтқандық емес. Туризм демекші, Торғай туризміне түреннен жол салған ағайынды Амандық, Талғат және Жәнібек Әмірхамзиндер екенін бәрі біледі. Олардың «Тылсым Торғайға туры» жыл сайын өзге аймақ тұрғындары тарапынан қызығушылық тудырып, ...
Толығырақ »Торғай аймағында фабрикалар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады
Инвесторлар Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарында ірі кәсіп бастауға ниетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бірнеше компания басшыларымен кездесу өткізді. 1. «SRS Holding LTD» компаниясы құрамында алтын бар және полиметалл кендерін қайта өңдеу бойынша жобаларды ұсынды. Компания Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелдин аудандарында 3 ...
Толығырақ »Мұхамбетов Торғайда белгісіз аурудан мал қырылып жатқанын білмейді екен
фото: ҚазАқпарат Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Жангелдин ауданында таралған мал ауруы туралы естімегенін болып шықты. Қайта ол өңірдегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты деп бағалайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап. Ауданға қарасты Көкалат ауылында мал ауруы белең алып тұр. Алайда жергілікті билік ол мәселені тұрғындарға айтқызбайтын көрінеді. Алдымыздағы аздаған малымыз қырылып қалса, немен күн көреміз? Кейбір шаруашылықтарда шығын да болды. Бірақ ...
Толығырақ »Жангелдин ауданында Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (ФОТО)
Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Жангелдин ауданында болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бірінші кезекте Торғай ауылында Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Құрылыс құны 541 млн теңгені құрайды. ДСК-нің жалпы ауданы 1601,4 м2. Өткізу қабілеті 30 адам/ауысымда, 100 көрермен орнына арналған трибуна. ДСК-де жаттығу залы, күрес түрімен айналысуға арналған зал, сондай-ақ ойындар өткізуге арналған зал: волейбол, бадминтон, үстел теннисі ...
Толығырақ »