Monthly Archives: ақпан 2016

Қостанайлықтар «сырғанақ теуіп жүр»

Осыдай бірнеше сағат бұрын Қостанайда жаңбыр жауып, жүріп-тұру қиындаған еді. Қазірде жауын тоқтады. Алайда, бірнеше бағыттағы тас жолдар жабылды. Қаланың оңтүстік-шығыс жақ бетінде (Темір-бетон бұйымдары комбинаты ықшамауданы) – Əулиекөл тас жолына шығатын көпірде жүк көліктері тоқтады. Кептеліске «тығындалған» көліктер саны көбейіп барады. Көпірдегі тап қазіргі көрініс осындай. Білім ошақтарында сабақ тоқтатылды. Дегенмен, көктайғақпен күрес жүріп жатыр. Жолдарға құмдар төселуде. «Тобыл-Торғай»-ақпарат 

Толығырақ »

Кенжебектің күнделігі-3

2 қазан Астанада күн суытып барады. Әрі қай жақтан шыға беретіні белгісіз, әйтеуір дамылсыз соққан өкпек жел. Бір тыным жоқ-ау, тыным жоқ. Бұл жақта қыс қатты болады ғой. Қар молынан түседі. Бірақ қала көшелерінде тракторлар ерсілі-қарсылы жүріп, қардан тазартады. Сыпырады. Содан соң да жеңіл машиналар емін-еркін жүреді. Астанада өткен Жаңа жыл мерекесін теледидардан көргенім бар-ды. Сонда кәдімгі алаңда мұздан кішігірім ...

Толығырақ »

Алланы жырға қосқан ақындар

Абай да, Ыбырай да, олардың ізбасарлары да Аллаға мінажат қылғанын ғалымдар болмаса, көпшілік әлі толық біле қоймайды. Абайдың «Махаббатсыз – дүние дос, хайуанға оны қосыңдар» деген сөзі барлық басылымдарда «Махаббатсыз – дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деп басылып жүр. Абайдың бұл арада айтып отырғаны әйелге деген махаббат емес, Аллаға деген махаббат екені белгілі. Өйткені, Абайдың өзі осы өлеңнің соңында: «жүрегі ...

Толығырақ »

Қостанайды су басу қаупі бар!

Қостанайдың шетіндегі саяжайлар мен 90-нан астам үйді, қала маңындағы он шақты елді мекенді су басып кету қаупі бар. Мамандар осылай деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Бүгінде облыс орталығында көктемгі су тасқынына дайындық басталып та кетті. Қазіргі сәтте 9 жерден полигон ашылып, қала ішіндегі қар сыртқа тасылып жатыр. Апат төне қалған жағдайда адамдарды эвакуациялайтын орындар да әзірленуде. Биыл Қостанайда қар жылдағыдан 4 ...

Толығырақ »

Иттермен «дос» болған студент

Егер ресейлік танымал жоғары оқу орны экономист мамандығын оқуға тегін грант беріп тұрса, сіз одан бас тартып, аудандық ауыл шаруашылығы колледжінің ветеринария бөліміне студент болуды таңдар ма едіңіз? Көбіміздің алғашқысына бүйрегіміз бұрары анық. Ал біздің кейіпкеріміз Әлішер Сапашов университеттен түбегейлі бас тартып, мал дәрігері болуды мақсат тұтты. Қазақ «жеті қазынаның» біріне балайтын итке деген қызығушылық Әлішерге осындай таңдау жасатты. Әлішердің ...

Толығырақ »

Кісілік пен кішілік

Академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің туғанына – 80 жыл   Есімі әлемге танымал ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, жерлесіміз Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің туғанына 80 жыл толды.  Арыс еді Өмекең Ол 1936 жылы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Қараоба ауылында туған еді. Алақандай ауылда туған бала өсе келе әлемге танылды. Оның еңбек жолын көктей шолып көрейікші. Қазақ мемлекеттік университетінің ...

Толығырақ »

Кенжебектің күнделігі-2

18 қыркүйек Бүгін сыныптасым Саматпен төбелесіп қала жаздадым. Бірақ сабыр сақтап, өз-өзімді салмақты ұстадым. Өзім ауылдан жақында ғана келдім ғой?! Ол да біреуді мазақ қылмаса тұра алмайды-ау, тұра алмайды. Маған «Солақай, солақай, ұялсаңшы, балақай» деп өзінше ұйқастырып, әбден зықымды шығарды. Енді «шыдамның да шегі бар» демей ме?! Содан оған «мен солақай болсам, сен шошқасың!» деп айтып салдым. Балалар ду күлді. ...

Толығырақ »

Моншақтан мүсін жасайды

«Моншақтан мүсін жасайтын шебер Рудный қаласында тұрады. Оның қолынан шыққан кәдесыйлар еріксіз таңдай қақтырады әрі кеншілер кентінде кеңінен сұранысқа ие» деген хабар құлаққа тиісімен қолөнершіні іздей бастадық. Қостанай облысы үшін таңсық өнерді өрістеткен Бақтыбай Кенжеғұловты табу қиынға түскен жоқ. Телефонмен тілдесіп, іле кездесу күнін белгіледік. Бәкең ісмерлігімен қоса айтары бар, байыпты жан болып шықты. «Мұқтаждық мың өнердің анасы», Бақтыбай Кенжеғұловтың ...

Толығырақ »

Торғайлық өнерпаз ғарышкерге ән шырқап берді

Торғайлық өнерпаз ғарышкерге ғаламтор арқылы ән салып берді. Халық қаһарманы Айдын Айымбетов бейсенбі және жұма күндері астықты аймақ – Қостанай облысына барды. Сапары барысында ғарышкер тығыз жұмыс кестесіне қарамастан телекөпір арқылы торғайлықтармен тілдесуге уақыт тапты. Аға буын, жас ұрпақпен ой бөлісіп, пікір алмасты. Ғаламтор арқылы өткен кездесуде Жанкелдин аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетұлы аудан тұрғындарының атынан ақ тілегін жолдап, ...

Толығырақ »

Кенжебектің күнделігі

Менің кешкісін күнде, тамақтанып болған соң, бой жазып қайту үшін аулаға шығатын әдетім бар. Сол әдетпен ауланы әрлі-бері кезіп, енді орындыққа отыра бергенімде, қоңыр түсті дәптер көзіме оттай басылды. Қағаз «кеміріп» үйреніп қалғандықтан ба, әлгі дәптерге еріксіз қол создым. Қолға алған соң, ішін ашып парақтайсың ғой?! Мен де сөйттім. Дәптер мұқабасына маржандай әріптермен «Күнделік. Иесі – Кенжебек Бекасылов, 8 «А» ...

Толығырақ »