2016 жылы Астанада балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 70,6%-ды құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6,1% жоғары. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлімдеді деп хабарлады ҚазАқпарат. Оның айтуынша, 2017 жылы – 72%, 2018 жылы – 72,1%, 2019 жылы – 97,7%, 2020 жылы – 100% көрсеткішке қол жеткізу ...
Толығырақ »Monthly Archives: қаңтар 2017
Қытай Қазақстанмен арадағы шекараны уақытша жапты
Қытай халқының Жаңа жыл мейрамына байланысты Қазақстан-Қытай шекарасының өткізу бекеті уақытша жабылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Шекарадағы өткізу пункттерінің барлығы мерекеге байланысты жабылды» деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кезекшісі. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы консулдық бөлімі де 2017 жылдың 27 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында жұмыс істемейді. Биыл Қытайдың Жаңа жылы 28 қаңтарға қараған түні басталды. Шығыс ...
Толығырақ »Крис ЮБЕНК: Мен Головкиннің күшінен қорықпаймын!
Ұлыбританиялық боксшы кіші Крис Юбенк (23-1, 18 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) тағы да қарсы шықты деп хабарлайды Vesti.kz. Оның айтуынша, ол болашақта Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді. Сондай-ақ, ұлыбританиялық боксшы осы жекпе-жекте неліктен жеңіске жететініне сенімді екенін айтып берді. «Мен Головкинді ұрып-соға алатынымды білемін. Ол тек жұдырықтың күшімен ...
Толығырақ »В.Путин Астанада өткен Сирияға қатысты келіссөздер үшін Н.Назарбаевқа алғыс білдірді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшылары әңгіме барысында күн тәртібіндегі өзекті жаһандық мәселелер, соның ішінде Астанада өткен Сирияға қатысты халықаралық кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты. Владимир Путин Астанада сирияаралық келіссөздерді жоғары деңгейде ұйымдастыруға барлық қажетті жағдайды жасағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. Қазақстан Президенті Сирия ...
Толығырақ »Ахмет Байтұрсынұлы музей үйіне ұлттық мәртебе берілмек!
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласында Алаш қайраткері, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының музей үйіне арнайы барды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. И.Тасмағамбетов тарих және мәдениет ескерткіші саналатын музей үйінің жылдар бойы қордаланған мәселелерінің шешілуіне мұрындық болмақ. Ахмет Байтұрсынұлы музей үйінің директоры Райхан Сахыбекқызы вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовті музей жұмысымен және ақынның жәдігерлерімен таныстыра отырып, түйткілді мәселелердің бар екенін жеткізді. Вице-премьер өз ...
Толығырақ »Қостанай әкімдігіндегі пара алу ісіне қатысы бар сотталушы бостандыққа шығуы мүмкін
Бүгін Қостанайдағы №2 соты Қостанай қалалық әкімдігіндегі пара алу ісіне қатысты сотталушының жазасын өтеу мерзімін айыппұл төлеуге алмастыруға үкім шығарды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне соттың кеңсесі хабарлады. Алғашқыда пара бергені үшін айыпталған кәсіпкер Гагик Овнанян жазасын өтеуді айыппұлға алмастыруға мүмкіндік алды. Заңға сәйкес, айыппұлдың сомасы төрт күн қамауда отыру 1 АЕК-мен есептеледі. Овнанянның қалған 1 жыл 5 ай 24 ...
Толығырақ »Дәурен Абаев телефондарды міндетті тіркеу туралы норманы түсіндірді
ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев телефондарды міндетті тіркеу туралы норманы түсіндірді. Ол бұл туралы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. «Құрметті достар, ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тіркеу бойынша бірқатар сұраққа жауап беріп, түсіндіргім келеді. Біріншіден, біз тіркеу процедурасын дайындауға кірісіп кеткен жұмыс тобын құрдық. Мамыр айының соңына дейін жасалып, азаматтарға жан-жақты түсіндіріледі. Екіншіден, біз тұрғылықты жер бойынша ...
Толығырақ »Қостанайда белгісіз біреулер уақытша тіркеуден заңсыз ақша тауып жүр
Қостанайда белгісіз біреулер уақытша тіркеуден заңсыз ақша тауып жүр. Бұл туралы «Костанайские новости» басылымы жазады. Басылым редакциясына Герцен көшесі, 29-үйде орналасқан жатақхана тұрғындарынан хат келіп түскен. Олар азаматтарды уақытша тіркеу мәселесіне қатысты сұрақтар қойыпты. «Герцен көшесі, 29-үйде орналасқан жатақханада уақытша тіркелу үшін 2500 теңге төлеу керек пе? Бізге заңды тұлғаларға тиесілі пәтерлерде тіркелуге болмайтынын айтып жатыр. Бірақ олар біздің жағдайымызды ...
Толығырақ »Дәрігерге алданбау үшін не істеу керек?
Бүгінде қазақстандықтар арасында науқастардың қалтасын қағуды үйреткен дәрігердің «емдеу тәсілі» кеңінен талқылануда. Осыған байланысты ҚазАқпарат тілшісі заңгерлердің кеңестерін, сондай-ақ, танымал Комаровскийдің әділетсіз дәрігерлерді анықтау амалдарын ұсынып отыр. Заңгерлердің кеңестері: 1. Жеке меншік клиниканың көмегіне жүгінердің алдында медициналық қызметтер туралы келісімшартты рәсімдеп алыңыз. Онсыз Сіздің дәл сол мекемеде емделгеніңізді дәлелдеу қиын. 2. Емдеудің әдістері мен жоспары жайында сізбен ақылдасып отыруы тиіс. ...
Толығырақ »Жақып АСАНОВ: Мемлекеттік пайдалы іспен айналысып жүргендей көрінуді доғару керек
ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бірінші орынбасарына прокуратура қызметкерлері таңнан түнге дейін еңбектеніп, мемлекеттік пайдалы іс атқарып жүргендей көрінуді қойсын деп өтініш білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель сөзін аяқтағаннан кейін ведомство басшысы оған өтінішін айтты. «Сізге өтінішім бар. Осы кезге дейін қызметті үйлестірумен әр департамент өзінше айналысып келді. Сондықтан топтасайық. Қазір айтқаныңыздың бәрін іске асыру керек. Ал ...
Толығырақ »