Monthly Archives: қаңтар 2017

Астанада үй бағасы арзандап жатыр

Астанада ұсыныстың орташа бағасы 1088 $/шаршы метр немесе 360 мың тг/шаршы метр деңгейінде сақталуда деп жазады kn.kz. Нарықтағы барлық сегментте арзандау бар. Елорданың қайталама нарығына жасалған зерттеу қорытындысы бойынша, 16-22 қаңтар аралығында теңгемен белгіленген баға 1,26 пайызға азайып, доллармен қойылған баға 1,04 пайыз қымбаттаған. Астанада үй алу қазіргі таңда орташа есеппен 26 339 000 теңге тұрады. Жеті күн ішінде бұл көрсеткіш 1,99 пайызға ...

Толығырақ »

Былтыр 348 үміткер PhD дәрежесін алды

2016 жылы 377 PhD үміткер өз зерттеулерін шетелдік басылымдарда жариялады, оның ішінде 348-і, ал 2015 жылы 451 үміткердің 407-сі PhD дәрежесін алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2016 жылы философия докторының дәрежесі және ғылыми атақтар алуға үмітті жұмыстарды жариялауға болатын журналдарға қойылатын талаптарды күшейтетін және қатаң регламенттейтін бірқатар нормативтік құқықтық құжаттар қабылданған болатын. Осы ретте ...

Толығырақ »

Қостанайда қылмыс азайғанмен, ұрлық өршіп тұр

  Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте өткен жылы облыста қылмыстың тіркелуі алдыңғы жылға қарағанда 11,3 пайызға азайғанымен, ұрлықтың өршіп тұрғаны айтылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Кеңейтілген мәжіліс жұмысына қатысқан еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев жалпы қылмыс құрылымында Қостанай облысында ғана ұрлық былтыр 63 пайызға көбейгенін айтты. Ол жалпы ұрлықты азайту, ...

Толығырақ »

Қостанай облысында үздік ішкі істер бөлімдері анықталды

Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің  2016 жылдың жұмысын қорытындылаған  кеңейтілген жедел мәжілісінде облыстық Ішкі ісер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов «Үздік ішкі істер бөлімі» аталымы бойынша қызметте ерекше көзге түскен аудандар мен қалалардың полиция бөлімдеріне көшпелі вымпелдер мен мақтау қағаздарын тапсырды деп хабарлайды egemen.kz. Полицейлер үшін өткен 2016 жыл жеңіл болған жоқ. Жыл қорытындысы бойынша Жітіқара, Лисаков қалалық, Ұзынкөл  ...

Толығырақ »

Доллар бағамы 2,73 теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды деп хабарлады ҚазАқпарат. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 327,76 теңгені ...

Толығырақ »

Елордада Президенттің қатысуымен қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы басталды

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы бастау алды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алдымен Елбасы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының капитаны — биатлоншы Дәулет Раxымбаевқа еліміз Туын табыс етті. Өз кезегінде Д.Раxымбаев Қазақстан құрамасы жарыстарға толығымен дайын екендігін баяндады. Елордадағы эстафета екі кезеңге бөлінген. Алаугерлер үш жарым сағат бойы қаланың орталық көшелерімен жүгіріп өтеді. Алғашқы кезең Назарбаев ...

Толығырақ »

Қола ғасырда жасалған коньки Қостанай маңынан табылған

Британ мұражайында бұдан 2000 жыл бұрын жасалған коньки сақтаулы тұрғанын білеміз. Ал 1948 жылы Қостанай қаласының маңайында біздің дәуірімізге дейінгі қола ғасырда жасалған алты жұп коньки табылған. Олар жылқы сүйегінен, анықтап айтсақ, жылқының сирағынан жасалған екен. Ал оны аяққа байлайтын кәдімгі қайыс жылқы терісінен жасалған. Тарих ғылымының кандидаты А.Хазанов мұндай конькилердi жасауға жылқының тiлерсек сүйегi алынған деген пiкiр айтыпты. ХIII ...

Толығырақ »

Астанадағы сириялық келіссөздер бойынша қорытынды мәлімдеме оқылды

ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдрахманов Астанадағы сириялық келіссөздер бойынша қорытынды мәлімдеме оқыды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 23 қаңтарда шамамен сағат 14.00-де басталған келіссөздер 24 қаңтарда түстен кейінгі уақытта аяқталды. Ресей, Иран және Түркия өкілдері дайындаған қорытынды құжаттың мәтінін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов оқыды. «Оқ атуды толықтай тоқтатуды, арандатудың жоқтығын және барлық тиісті мәселелерді қадағалайтын үшжақты механизм жасау туралы ...

Толығырақ »

Өскемендік ата-аналар да ағылшын тілін оқиды

Өскемен қаласының мектептерінде ағылшын тілін білмейтін ата-аналарға тіл үйрету курстары ашылды. Алғаш рет қолға алынған шара арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында жазды. Министрліктің мәліметінше, ата-аналардың 56 пайызы үй жұмысын орындау кезінде баласына көмек көрсете алмайды екен. Осыдан кейін ұстаздар тарапынан түскен ұсынысты көбі қолдаған. Сабақ тегін, аптасына ...

Толығырақ »

Н.Назарбаев биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобымен кездесті. Бұл туралы Tengrinews тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Мемлекет басшысы отырыста мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатынын атап өтті. «Мен ұсынған бес институционалдық реформаның бірін іске асыру Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушылық өкілеттіктер беруді көздейді. ...

Толығырақ »