Monthly Archives: қаңтар 2017

Былтыр елімізде 51 775 отбасы ажырасып кеткен

2016 жылы Қазақстанда 140 840 неке тіркелген. Дегенмен, осы бір жыл ішінде 51 775 отбасы ажырасып кеткен (140 840 некенің емес, жалпы алғанда ажырасқандар). Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлайды. Былтыр ОҚО 21 344 неке қиылып, 5067 отбасы ажырап кеткен. Ажырасу саны бойынша Алматы (5 963), Алматы облысы (5 137), ОҚО (5067), Қарағанды облысы (5 055) ...

Толығырақ »

Наурыздағы демалыс күндері және Астана күні ауыстырылды

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды. ...

Толығырақ »

ҚР ОСК депутат А.Жамаловты тексереді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы депутат Аманжан Жамаловты тексереді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2017 жылдың 18 қаңтарында ҚР Орталық сайлау комиссиясында биыл 17 қаңтарда 365info.kz интернет-порталында жарияланған «Успешный» депутат Жамалов может покинуть Парламент Казахстана» мақаласындағы дерек бойынша отырыс өтті» делінген хабарламада. ҚР ОСК мүшесі М.А.Сәрсембаевтың хабарламасы тыңдалғаны және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.М.Жамаловтың түсінігі тыңдалғаны хабарланып отыр. ҚР Конституциясының 52-бабының 6-тармағына сәйкес, ҚР ...

Толығырақ »

Синоптиктер 19 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты

«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 19 қаңтарына арналған ҚР бойынша ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға қарағанда, Қазақстан аумағының көп бөлігі дерлік антициклонның ықпалында болады. Ауа температурасы батыста күндіз 5-15, түнде 10-22 аяз, солтүстік-батыста күндіз 7-15, түнде 15-25 аяз, солтүстікте және орталықта түнде 18-28, күндіз 8-16 аяз; шығыста түнде 25-30, солтүстік-шығыс облыстарында түнде 15-20, күндіз 7-17 аяз және оңтүстік аймақтарда түнде 5-10, кей ...

Толығырақ »

Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатры қазақ тілін менсінбей ме?!

Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатрының анықтама бөліміне қазақша сұрап хабарласқанымда «говорите по руский» деген бұйрық райдағы жауап қатылды. Қазақша жауап беруді талап еткенде тұтқаның тарс еткен дыбысын естідік. Бұл деген қазақ тілін менсінбеу, ашық басыну! Ашуға булығып, интернет афишасындағы орысша кестеден іздеген киномызды таппағасын атына заты сай емес кинотеатрға бармадық. Елу теңгелеріңізді қисаңыздар, барлығыңыз «Қазақстан» кинотеатрына қоңырау шалып, қазақша сауалды қардай боратайық. ...

Толығырақ »

Гонконг тұмауының екінші толқыны Қостанайға келді

Қостанайда Гонконг тұмауы вирусымен ауырған 20 жағдай тіркелді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды. Қостанай облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің медициналық бөлімі бойынша орынбасары Ольга Сонның айтуынша, «жұқпалы аурудың екінші толқыны Челябіден келген». Көптеген тұрғын бұл жұқпалы ауруды жаңажылдық демалыста Ресейде болып, өздерімен алып келген. Енді бұл жергілікті тұрғындар арасында таралуда. Гонконг тұмауының екінші толқыны Қостанайға келді. Облыстық балалар ауруханасында ...

Толығырақ »

Алғашқы бес айда үйренген ана тілі ешқашан ұмытылмайды

Нәрестенің алғашқы бес айда үйренген ана тілі ешқашан ұмытылмайтынын ғалымдар дәлелдеді. Бұл туралы egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап хабарлады. Оңтүстік Кореялық университеттердің бірінде жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, нәресте ерте жаста басқа елге көшіп кетіп, ана тілін мүлде ұмытып қалғанның өзінде, ана тілі жадында терең сақталатыны белгілі болды. Зерттеуге Оңтүстік Кореядан асырап алынған голланд тілінде сөйлейтін ересек адамдар қатысты. Олар өздерінің ана ...

Толығырақ »

Дариға Назарбаеваға Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік жағдайы баяндалды

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру қорытындылары жайлы айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кездесуді ашқан Дариға Назарбаева ақпараттық қауіпсіздік, жалпы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы ұзақ мерзімді және басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ақпарат және коммуникация министрінің орынбасары Алан Әжібаев Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі ...

Толығырақ »

Қостанайлық сақтандыру компаниясынан 600 мың теңгеден астам қаражат өндіріп алды

Қостанай тұрғыны сақтандыру келісімшартындағы міндеттемесін орындаудан бас тартқан «Нефтяная страховая компания» АҚ-ын сотта жеңіп шықты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды. Іс материалдары бойынша өткен жылы арыз беруші көлік рөлін басқара алмай, бағдаршам бағанасын соққан. Залал келген бағдаршам «Қостанай қаласы Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге тиесілі, мекеме бағдаршамды қалпына келтіру үшін 654 мың теңге жұмсаған. ...

Толығырақ »

Н.Нығматулин: Ауыл әкімдеріне бюджетті басқаруды үйрету керек

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ауылдық округ әкімдерін бюджетті және коммуналдық меншікті басқаруға оқыту қажеттігін атап өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы алғанда 2,5 мыңға жуық әкімнің қолына бір күнде 110 млрд теңге түсетінін айттыңыз. Бұдан бөлек, олардың өкілеттігінде коммуналдық меншікті басқару қызметі болады. Атап айтқанда, осыған дейін қомақты қаржы мен коммуналдық меншікті басқарып көрмеген ауылдық округтің, елді мекеннің әкімін ...

Толығырақ »