Таспа

Рудныйда 5 жасар қыз құдыққа құлап кеткен

29 қарашада Полина Цепко дүкенге барып, құдыққа түсіп кеткен. Оны анасы шығарып алмайынша, сол жерде 40 минут отырған деп жазады «Наша газета». «Қызым шошып қалған. Мен оны жақын маңдағы «Талисман» дүкеніне сағат 11:30-да жіберген болатынмын. Алайда, 30 минут келмеді. Содан 7 жасар ұлым Платонды артынан жібердім. Сөйтіп, терезеден қарасам, балам жылап тұр екен», – дейді әйел. Құдыққа түсіп кеткен Полинаны ...

Толығырақ »

Тарандағы жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды

Қостанай облысы Таран ауданы Аят ауылындағы жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше жағдай 30 қараша күні кешкі сағат 17:00-де болған. Баллон жарылып, үйдің 20 шаршы метрі өртеніп кеткен. Бір сағаттан соң келген төтеншеліктер қызыл жалынды жарты сағатта сөндіріп үлгерген. 1963, 1980 және 1989 жылғы тұрғындар ауруханаға жатқызылды. tobyl-torgai.kz

Толығырақ »

Президент білім беруге ынталандыру тетіктерін күшейтуді тапсырды

Жастарға білім беруге ынталандырушы тетіктерді күшейту керек. Бұл туралы бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған форумда Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «STEAM- білім беруді белсенді енгізу керек. Яғни ол жаратылыстану ғылымдарын, технологияларды, инженерия мен математиканы білдіреді. Бұл пәндер заманауи әлемде талап етіліп келеді», — деп тоқталды Елбасы. Осы орайда Президент аталған ...

Толығырақ »

Нұрсұлтан Назарбаев болашақ ұрпаққа хат жазып қалдырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болашақ ұрпаққа арналған хат жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Астана өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған форумда оқушылар Елбасына «уақыт капсуласын» ұсынып, аталмыш мектеп түлектеріне аманат хат жазып қалдыруды сұрады. «Осындай ерекше маңызды мейрам күні алғашқы Зияткерлік мектепке «уақыт капсуласын» табыс еткіміз келеді. Осыған байланысты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2068 жылғы ...

Толығырақ »

Елбасы қазақстандық оқушыларға: Білім мен біліктілікке екпін қою керек

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Форум жұмысына1 мыңнан астам адам қатысуда. Олардын қатарында Жоғары қамқоршылық кеңестің мүшелері, қоғам қайраткерлері, елшілер, шетелдік серіктестер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, бизнесмендер,мұғалімдер, Зияткерлік мектептердің оқушылары мен түлектері бар. Айта кетейік, бүгінгі шара ...

Толығырақ »

Мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тартқандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылды

«Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын даярлаушы жұмыс тобының мүшесі, Астана қаласының гуманитарлық колледжінің директоры Елдос Нұрланов мұғалімдердің мәртебесін қорғайтын заң жобасымен таныстырды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріндегі заңдарды, ТМД-ның «Педагогтар мәртебесі туралы» 2004 жылғы үлгілік заң жобасын, ЮНЕСКО-ның мұғалімдердің жағдайы туралы ұсынымдары мен өзге де құжаттарды зерделей келе жұмыс тобы алдарыңыздағы заң жобасының ...

Толығырақ »

«Қымбат» қаланың мұғалімдеріне жеңілдіктер қарастырылып жатыр

Астана және Алматы секілді «қымбат» қалалардағы мұғалімдерге қандай жеңілдіктер қарастырылып жатыр? Ол туралы Білім және ғылым министрлігінде өткен басқосуда «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын даярлаушы жұмыс тобының мүшесі, Астана қаласының гуманитарлық колледжінің директоры Елдос Нұрланов тарқатып айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жылдық еңбек демалысы берілгенде бүгінгі таңда азаматтық қызметкерлерге жататын, яғни мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар формасында еңбек ететін педагогтар ...

Толығырақ »

Ғылыми атағы бар мұғалімдерге үстемақы берілуі тиіс

«Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасының тұжырымдамасын таныстырған жұмыс тобы ғылыми атағы бар мұғалімдерге үстемақы беру бастамасын көтерді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біліктілікті арттыру курстарын бес жылда бір рет емес, үш жылда немесе жыл сайын, бірақ белгілі бір мөлшерде өткізу керектігін көрсететін жүйені енгізуді ұсынамыз. Себебі, жаңартылған мазмұн еніп жатқан кезде мұғалімдер үшін өзінің біліктілігін бес жылда арттыру аздық етеді. Тіпті ...

Толығырақ »

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапаты бекітілуі мүмкін

«Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасының тұжырымдамасын дайындаған жұмыс тобы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын бекітуді ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінгі таңда педагогтарға және педагогика саласындағы қызметкерлерге (азаматтық) берілетін демалыстар 56 және 42 күнге созылады. Білім саласындағы қызметкерлер педагогтар секілді ұзақтау демалысты алмайды. Соған байланысты педагогтардың барлығына бірдей 56 күн жылдық ақылы еңбек демалысын беріп, теңестірсек деген үміт бар», — ...

Толығырақ »

Қазақстандықтар көлік дөңгелегін 1 желтоқсанға дейін ауыстыруы тиіс

Заң бойынша қыс мезгілінде елде жазғы көліктермен қозғалуға тыйым салынады. Жүргізушілердің көлік дөңгелегін ауыстыратын орындарға соға кетуге әлі де уақыттары бар. Бұл туралы «Колеса» хабарлайды. «Жеңіл көліктер мен аз тонналы жүк көліктерінің желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында тек қысқы не барлық маусымға арналған дөңгелектердің кейбірімен ғана жолға шығуына рұқсат беретін талап Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде жазылған», ...

Толығырақ »