Tag Archives: Арқалық

Шабындығы өртенген Арқалықтың шаруалары шөпті көрші ауданнан тасуға мәжбүр

Қостанай облысында мал азығын әзірлеу науқаны кезінде күрделі мәселелер туындап тұр деп хабарлайды ЭК. Биыл Арқалық қаласына қарасты ауылдық округтерде өрт өте көп болды. Жаз басталғалы 10 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің шөбі түгел жанып кетті. «Дала өрті, әсіресе, Қайыңды, Жаңақала, Екідің, Ашутастының аумағында өршіді. Бұл елдімекендердің негізгі күнкөрісі төрт түлік. Шабындығы түгелімен өртеніп кеткен шаруашылықтар да бар. ...

Толығырақ »

Арқалық қаласына қарасты 5 ауылда әкімдер сайлауы өтеді

Еліміздің аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің 730 әкімін сайлау 25 шілдеге белгіленген болатын.  Осы орайда Қостанай облысы Арқалық қаласына қарасты бірнеше елді мекенде осы науқанға байланысты нендей іс-шаралар болып жатқанын білу үшін қалалық Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Арыстан Айтмағамбетовке хабарласқан едік.  Ол өз сөзінде ҚР ОСК үлгілік күнтізбелік жоспары негізінде қалаға қарасты 5 ауыл — Көктау, Аңғар, ...

Толығырақ »

Арқалықта полицейлер оқ атты: көлік иесі кешірім сұрады (ВИДЕО)

Арқалықта кәмелетке толмаған 14 жастағы баласына көлік тізгінін беріп, полицейлерден қашуға мәжбүрлеген ер азамат кешірім сұрады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Тағы оқи отырыңыз: Арқалықта полицейлер жасөспірім тізгіндеген көлікке оқ атты (ВИДЕО) Ол мұндай жағдай енді қайталанбайтынын және барлық жауапкершілікті өз мойнына алатынын жеткізді.  

Толығырақ »

Арқалықта полицейлер жасөспірім тізгіндеген көлікке оқ атты (ВИДЕО)

Арқалықта полицейлер тізгінінде 14 жастағы бала отырған көліктің артынан қуып, амалсыздан оқ атты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бұған дейін Әлеуметтік желіде жүргізушінің жолаушылары түсірген видео пайда болды. Кадрларда баланың жанында нұсқаушы болып отырған ер адам барын көруге болады.Қостанай облыстық ПД мәліметінше, оқиға 31 мамырда болған. Полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Mitsubishi Pajero көлігін тоқтатпақ болған. Алайда көлік ...

Толығырақ »

Тоқаев Мұхамбетовке Арқалық ЖЭО жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай өңірінің биылғы төрт айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді. Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі, негізгі капиталға инвестиция салу және тұрғын үйлерді пайдалануға беру салалары бойынша  оң көрсеткіштер бар. Қостанайда құны шамамен 80 млрд ...

Толығырақ »

Арқалықта жасөспірім екі қызға оқ жаудырған

Арқалықта пневматикалық мылтықтан екі қыз жарақат алды. Полицейлер оқ атқан күдіктіні анықтады, ол 15 жастағы жасөспірім болып шықты, — деп хабарлады tobyl-torgai.kz. WhatsApp желісінде оқиғаны баяндаған әйелдің дауысы тарап жатыр. Alau.kz мәліметіне сүйенсек, оқиға 3 сәуірде болған. 17 және 25 жастағы тұрғын білек және жамбас тұсындағы жарақатпен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Тергеу барысында қыздардың Маясов көшесінде жарақаттанғаны анықталған. Зардап шеккендер ...

Толығырақ »

Мазуттан «мезі болған» Арқалық көмір жағатын болды

Арқалықта ЖЭО биыл мазут жағуды қойып, көмірге ауысады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінде өткен селекторлық кеңесте Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаров мәлімдеген, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Биыл «Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін 2030 жылға дейін қайта құру» нысанын пайдалануға беру жоспарланған және Арқалық ЖЭО көмірмен жұмыс істей бастайды. Бұл мақсатқа құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға республикалық бюджеттен ...

Толығырақ »

Елордада «Тобыл-Торғай әуені» антологиясының тұсаукесер рәсімі өтеді

Іс-шара 8 сәуір күні, яғни ертең сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы жарыққа шығарған «Тобыл-Торғай әуені» музыка антологиясы — Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бірнеше жыл бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде қолға алынған жұмыстардың бірі. Өз мақаласында Елбасы қазақ әдебиетінің ата қоры, асыл ...

Толығырақ »

Крупская, Фурманов, Макаренколардан қашан құтыламыз

немесе тағы да мектеп жайы туралы 1 млн қандасымыз тұратын Ресейде ел билігі соңғы қазақ мектебін жауып тынды, Тәжікстанда кезінде үш қазақ мектебі бар еді, олар енді жоқ, 100 000 қазақ ұлты өкілі тұратын Қырғызстанда қазақ мектебі атымен жоқ, Қытай болса бұрынғы қазақ мектептерінің бәрін біртіндеп қытайшаға көшіріп жатыр. Өзбекстандағы 522 қазақ мектебінен 2017 жылы 164, 2018 жылы 100 (кей ...

Толығырақ »

«Науқасты көлік шанағымен сүйреген»: Арқалықта тек дөкейлер тұратын көшенің қарын ғана күрей ме?..

Бірнеше күн бұрын Арқалыққа қарасты Олимпийский ауылында көшенің қардан тазаланбауы салдарынан жедел жәрдем көлігі науқастың үйіне жете алмай, жолда қалған. Амал жоқ, ақ халаттылар омбы қар кешуге мәжбүр болған. Медицина қызметкерлерінің науқасты көлік шанағына салып алып, сүйрегені туралы фото желіде тарап кеткен еді деп хабарлады tobyl-torgai.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. Агенттік тілшісі науқастың жақындары, көмек көрсеткен фельдшер мен жергілікті әкімдік қызметкерлерімен ...

Толығырақ »