Tag Archives: Арқалық

Құмар Ақсақалов: Үкімет тарапынан Торғай өңіріне бюджет өсімі күрт жоғарылады

Таяуда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Торғай аймағына арнайы жұмыс сапарымен барды. Онда аймақ басшысы Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарын аралап, елдің тұрмыс жағдайымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында облыс әкімі Арқалықтағы ұлттық жоба бойынша салынғалы жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. 300 орынға шақталған білім ордасының мердігері — «Алюминқұрылыс» ЖШС. Серіктестік директоры Абай Мұқановтың айтуынша, бүгінде бой көтеретін ...

Толығырақ »

Торғай аймағын дамытуға 504,4 млрд теңге бөлінеді

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Арқалықты дамытуға қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту мақсатымен Арқалық қаласының кешенді жоспарының жобасы Қостанай облысының аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралармен толықтырылды. Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының жалпы сомасы 504,4 млрд теңге ...

Толығырақ »

Әр баланың тағдырын бойымнан өткіземін – Арқалықтағы жалғыз неонатолог Шолпан Әбілдинаның сұхбаты

Арқалық өңірлік ауруханасының босандыру бөлімінде жұмыс істейтін неонатолог Шолпан Әбілдина бұл өңірге 1998 жылы, осыдан 25 жыл бұрын жас маман болып келген. Алдымен емханада, кейін аурухананың жансақтау бөлімінде, ал соңғы 8 жылдан бері босандыру бөлімінің неонатологы болып қызмет атқарып келе жатқан Шолпан Әбілдина қазір демалыссыз жұмыс істейді деуге болады. Өйткені, ол бүкіл ауруханадағы жалғыз неонатолог маман. Azattyq Ruhy тілшісі көктем мерекесінің қарсаңында ...

Толығырақ »

Арқалықта несиеге қой берілуі мүмкін

Мұндай бастаманы қала әкімі  «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығына  ұсынған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz arkalyk.life Instagram-парақшасына сілтеме жасап. Әмірхан Біркенұлы айтқандай, осындай бағдарламаның арқасында көршілес Қытай халық республикасы мен Моңғолия секілді мемлекеттер ауылдық жерлерін дамытуға мүмкіндік алған. Ауылдардағы тұрғындар саны азайып, мектептердің де болашағы бұлыңғырлана бастаған біздің өңір үшін де осы тәжірибені пайдалану маңызды болмақ. Еліміздің халқы сирек орналасқан өзге өңірлеріндегідей, Арқалық ...

Толығырақ »

Арқалық қаласының тумасы Антикор басшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Асхат Жұмағалиұлы 1979 жылы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында туған.2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.2001-2010 жылдары – прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды, атап ...

Толығырақ »

«504,6 млрд теңге»: Үкімет Торғай өңірін дамыту жоспарын әзірледі

Қостанай облысының Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңге болатын 138 іс-шарадан тұрады. Бүгінде ол мүдделі мемлекеттік органдармен ...

Толығырақ »

Торғай өңірін түлетудің төте жолы – инвестиция тарту: Арқалықта бизнес-форум өтті

Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарының экономикасы негізінен мал шаруашылығына негізделген. Арқалықта өнеркәсіп енді қолға алына бастаса, жоғарыда аталған қос ауданда өндіріс атаулы тіптен жоқ. Сондықтан да облыстан қашық орналасқан аудандардың  инфрақұрылымы сын көтермей, әлеуметтің де әлеуеті тұралап, мұғалім, дәрігер сынды дәстүрлі мамандық иелері болмаса, жастардың дені екі қолға бір күрек іздеп, үлкен қалаларға сабылып ...

Толығырақ »

Арқалықта қалаішілік бағыттарға жүретін маршруттар қосылды

Бұған дейін сайтымызда 40 мыңнан артық адам тұратын Арқалықта екі-ақ маршрут жүретінін жазған болатынбыз. Бүгінде қала әкімдігі №2 және №4 автобус маршруттары қосылғанын мәлім етті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.   Оқи отырыңыз: 40 мыңнан астам тұрғыны бар Арқалықта 2-ақ маршрут жүреді Құрметті қала тұрғындары, ертең, яғни, 21 қыркүйектен бастап №2 және №4 қалаішілік бағыттардағы қоғамдық көліктер жүре бастайтынын хабарлаймыз! — делінген әкімдік таратқан ...

Толығырақ »

ТАҒДЫРЛАСТАР: Арқалық және саяси қуғын-сүргін ұрпақтары

#форумнан кейінгі ой  Халықаралық жобаның шағын қалаға келуі Сонымен, Арқалық қаласындағы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жобаның аясында өткен «Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форум аяқталды. Оның халықаралық түгілі республикалық іс-шаралар өткізіле бермейтін қалада ұйымдастырылуының мәні зор. Биыл 13-ші рет өткізіліп отырған бұл жоба республиканың түкпір-түкпірінде осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдарды, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарын ...

Толығырақ »

40 мыңнан астам тұрғыны бар Арқалықта 2-ақ маршрут жүреді

Бұл қалада 2 жыл тұрғанбыз. Сондықтан мұндағы түйткілдерді аз білмейміз. Әсіресе, қаланың ең басты проблемаларының бірі — қоғамдық көлік. Бүгін арқалықтық тұрғынның маған айтқан мына бір өтінішін Арқалық Қаласының Әкімдігінің есіне салмауға болмайтын секілді. Ал енді құй сен, құй сенбе, 40 мыңнан асатын тұрғыны бар қалада 2-ақ (!) автобус жүреді екен. Оның өзінде ескі-құсқы болған соң жиі бұзыла беретін болса ...

Толығырақ »